Сенбі, 23 Қараша 2024
1499 2 пікір 5 Маусым, 2023 сағат 14:10

ЕО Орталық Азияға санкция сала ма?

Еуропа кеңесінің президенті Шарль Мишель Шолпан атада өткен саммитте "Еуроодақ Қазақстанға, Қырғызстанға және Өзбекстанға санкция салуы мүмкін бе?" деген сұраққа жауап берді. 

Ол Еуроодақ Ресейдің соғыс машинасын қолдағандарға шара қолданып жатқанын, жаңа санкциялар талқыланып жатқанын атап өтті.

"Біз осыған дейін Ресейдің соғыс машинасын қолдағандарға қарсы санкциялар енгізгенбіз. Бас-аяғы санкциялардың 10 пакетін қабылдадық. Қазір санкциялардың 11 пакетін талқылап жатырмыз. Бұған Ресейдің соғыс машинасын қолдағандар түрткі болды. Біз ешқандай экстратерриториалдық принципті қолданбаймыз", - деді Мишель.

Ол Еуроодақ әріптестерін Ресейге Батыс санкцияларынан айналып өтіп, көмектеспеуге шақырады, екінші жағынан санкцияларға байланысты әріптестерінің ұсыныстарын қарауға дайын деді.

Мамыр айында АҚШ Ресейдің 69 компаниясын "қара тізімге" енгізген. Бұдан бөлек Арменияның және Қырғызстанның компанияларына санкция салған.

Наурыз айында Еуроодақтың санкциялар бойынша арнайы өкілі Дэвид О’Салливан Бішкек және Астанаға барып, сөйлесу жүргізген. Ол Еуроодақ пен Орталық Азия арасында тауар сату 300% өскенін айтып, Ресейге санкцияларды айналып өтуге жол бермеу мәселесін қойған.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5340