Сейсенбі, 20 Қазан 2026
2466 0 пікір 6 Маусым, 2023 сағат 15:54

Астанада үйдің паркингі өртеніп, 3 адам газға уланып қалды

Елорданың тұрғын үй кешендерінің бірінде болған өрттен 6 көлік өртеніп кетті, тағы 4 машинаға зақым келді, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

Бұған дейін Қ. Мұхамедханов көшесіндегі тұрғын үй кешені паркингінде өрт шыққаны хабарланған еді. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 7 минутта жетіп, автотұрақта көліктер жанып жатқанын анықтаған.

«6 маусым күні сағат 11:56-да Қ. Мұхамедханов көшесіндегі үйде 3 қойма үй-жайы мен 6 жеңіл көлік өртенді, жылу әсерінен тағы 4 автокөлікке зақым келді. Құтқарушылардың күшімен, оның ішінде жоғарғы қабаттардан автобаспалдақ арқылы 17 адам эвакуацияланды, оның ішінде 6 бала бар», - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметінен.

«Көміртегі тотығымен улану» алдын ала диагнозымен 3 адам ауруханаға жеткізілді.

Тілсіз жаудың таралуы сағат 14:33-те тоқтатылып, 15:02-де толығымен сөндірілген.

Оқиға орнында 70 өрт сөндіруші мен 18 техника жұмыс істеген.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1095
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1498