Сенбі, 23 Қараша 2024
1397 0 пікір 13 Маусым, 2023 сағат 14:23

Мұстафа Шоқайдың бейіті бұзылады деген хабар - жалған

Әлеуметтік желілерде Берлиндегі Мұстафа Шоқайдың бейіті бұзылады деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Halyq Uni

Әлеуметтік желіде Берлиндегі түріктердің шәйіттер зиратында жатқан Мұстафа Шоқайдың бейіті түсірілген видео жарияланды.

«Қазақ елі, қазақ бауырлар. Мұстафа Шоқай атамыздың жатқан жері. Берлин қаласы. Мешіттің қасында. Бұны Қазақстанға алып кетіңіздер деп жатыр.  Мұның бәрі бұзылады, бәрі кетеді екен. Топырағымен бірге алып кетуге болады екен. Рұқсат дейді», – делінген бейнежазбада.

Алайда видеоны түсіріп, таратқан адамның кім екені белгісіз.  Осы мәселені анықтау үшін Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігіне хабаластық. Мәдениет комитетінің мәліметінше, бұл бейіт еліміздің тарихи-мәдени мұрасы болып саналмайтындықтан, ведомствоның бұл мәселеден хабары болмай шықты.

Түркияда тұратын тарихшы ғалым, шоқайтанушы, Мимар Синан көркемөнер университетiнiң профессоры Әбдуақап Қара аталған ақпаратты жоққа шығарды.

Біреулер Берлинде түріктердің шәйіттер зиратында жатқан Мұстафа Шоқайдың бейітін алып кетіндер деп айтты деп байбалам салып видео таратып жүр. Бұл негізсіз хабар. Өйткені бұны таратушылар бұл мәліметті қай ресми мекемеден алғанын айтпайды. Видеода бейітті көрсетіп байбалам салып тұрған адам өзін таныстырмайды, кім екенін айтпайды. Бейнесін де көрсетпейді. Жасырынады.  Егер бұл ақпарат рас болса, олар неге алдымен Берлиндегі Қазақстан елшілігіне де, Қазақстанның басқа мекемелеріне де айтпайды. Бұл бізге мұның жалған екенін көрсетеді. Оның Шоқай, тіпті қазақ жанашыры емес екенін де көрсетеді, – деп жазды Әбдуақап Қара.

Шоқайтанушы қазақстандықтарды жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды.

Егер мұндай оқиға рас болса, жолдан кетіп бара жатқан біреуге емес,  сол бейітке қарайтын ресми түрік мекемесі яғни Берлиндегі Түркия елшілігі Қазақстан елшілігіне хабарлайды. Мұндай негізсіз байбалам хабарларға мән бермеңіздер. Әлеуметтік желіде көбірек лүпіл алам деп отан үшін, тәуелсіздік үшін жанын берген ұлы тарихи тұлғалардың аруағын ойыншыққа айналдырмаңыздар. Алланың да халықтың да лағынетіне ұшырайсыңдар, – деп қосты Әбдуақап Қара.

Бұған дейін, Қазақ жерінен шыққан ұлтымыздың бірқатар біртуар тұлғалары шет мемлекеттерде жерленгенін жазған едік. Алайда олардың кесенелері мен бейіттері еліміздің мүліктік мұрасы болып саналмайды.

«Аталған нысандардың барлығы шет елдердің аумағында болуына орай сол елдерге тиесілі мемлекеттік жерлерде, ұйымдарына, ведомстволарына тиесілі жерлерде орналасқан. Осы орайда, оларды күтіп ұстау, сақтау, пайдалану, әкімшілік ету жұмыстары сол елдердің ұлттық заңнамасына сәйкес жүргізіледі және олар Қазақстанның мүліктік кешендері емес», – деді министрлік.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1474
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5450