Дүйсенбі, 21 Сәуір 2025
1596 0 пікір 14 Маусым, 2023 сағат 12:41

Әуежайда орынсыз әзілдеген жолаушы істі болды

Астана әуежайында жарылғыш зат туралы орынсыз әзіл айтқан жолаушының үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Астана әуежайында «Астана-Алматы» рейсіне тіркелу кезінде қазақстандық жолаушы «өзінде жарылғыш заттың бар екендігі» туралы әзілдеп айтқан. Авиациялық қауіпсіздік қызметі дабыл қағып, құқық қорғау органдарымен бірлесе әуежай аумағынан күдікті затты іздеуге мәжбүр болды.

Орынсыз әзілдеген жолаушыға қатысты ҚР ҚК-нің 273-бабы («Терроризм актісі туралы жалған хабарлама») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл – әлемдік тәжірибеден алынған жағдайларға негізделген қауіпсіздік стандарты.

Авиациялық қауіпсіздік басқармасы қазақстандықтарды өз мінез-құлқына жауапкершілікпен қарауға, сондай-ақ қол жүгі мен багаж бөлігінде тасымалдауға тыйым салынған заттардың тізімімен алдын ала танысуға шақырады.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2068
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4939
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4145