Сәрсенбі, 2 Қыркүйек 2026
2332 1 пікір 15 Маусым, 2023 сағат 13:15

Оңтүстік Корей Семей орманына көмектеcпек

Азиялық орман шаруашылығы ынтымақтастығы ұйымы (AFoCO) Қазақстанға ормандарды қалпына келтіруге және өрттің алдын алуға көмектеседі, деп хабарлады «Хабар 24».

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин Сеулде ұйымның вице-президентімен кездесуінде осылай деді.

"Кореяда 50-60 жылда ормандарды қалпына келтіру мақсатында 11 миллиард ағаш егіліп, 2,5 миллион гектар жер қалпына келтірілді. Осыған байланысты біз корей тарапына олардың бай тәжірибесін бізбен бірге пайдалануды ұсындық", - деді ҚР парламенті мәжілісі комитетінің төрағасы Еділ Жаңбыршин.

Жаңбыршиннің айтуынша, мамандарды даярлау мәселелері де талқыланды.

"Бізге олардың технологиясын немесе біз үшін маңызды басқа мүмкіндіктерін пайдалану керек. Сонымен қатар оларды біздің азаматтарға тағылымдамадан өтуге көмектесуге шақыру керек", - деді Еділ Жаңбыршин.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 383
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 1281
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 356
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 323