Дүйсенбі, 21 Сәуір 2025
1800 0 пікір 15 Маусым, 2023 сағат 13:32

Қазақстан: Тағы бір спортшы допинг дауына ілікті

Сурет: prosports.kz

Ауыр атлетикадан жастар арасындағы әлем чемпионы Артем Антропов жарыстан уақытша шеттетілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жастар арасында әлем чемпионы атанған Антропов Азия чемпионатында күміс медаль алған соң, жарыстардан уақытша шеттетілді.

Қазақстандық спортшының сынамасынан бұлшықет пен сүйектерге көмектесетін анаболикалық стериодтардың ізі табылған. Егер спортшының кінәсі дәлелденсе, жарыстардан түбегейлі шеттетілуі мүмкін.

Айта кетсек, 23 жастағы Артем Антропов 2017 жылы жастар арасында әлем чемпионы атанған. 2022 жылғы Азия чемпионатының қола, 2023 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері. Әлем чемпионатында үздік төртікке енген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2074
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4944
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4151