Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3268 0 пікір 2 Маусым, 2013 сағат 19:14

Интернет-конференция: Мұхтар Тайжан (Жалғасы)

Конференция қонағы  - Мұхтар Тайжан оқырмандардан келіп түскен сауалдарға жалғасты жауап беріп отыр.

Ұлттық партия құру ды қолға алуға байланысты сауалға жауап бере келе Мұхтар Болатханұлы былай дейді: «Ол үшін әрбір қазақ азаматы белсенді болуы керек. Әдетте, біз, бір көсемді таңдап аламыз. Ол көсем бізге бәрін шешіп, дайындап береді деп үміттеніп жүреміз. Сосын ол көсемге ондай іске күші жетпейтіні анық болады. Сөйтіп, әлгі көсемге ел өкпелейді, ыза болады. Сөйтіп, ол көсемнен күдерін үзіп, келесі көсемді күтіп отыра береді. Сондықтан әрбір азамат  әр істе белсенділік танытпаса, ешнәрсе өзгермейді. Егер халық белсенді болмаса, тіпті қоғамдағы бас көтерер азаматтарды ешнәрсені өзгерте алмайды».

 

- Ұлтшылдар билікті сыртынан өзгертуі керек пе, әлде билікке көптеп қатысып, ішінен өзгертуі керек пе?

- Отанымыздағы саяси жүйені сыртынан да, ішінен де өзгертуіміз керек.

- Тілімізді қысқа мерзім ішінде  мемлекеттік дәрежеге қалай жеткізуге болады?

Конференция қонағы  - Мұхтар Тайжан оқырмандардан келіп түскен сауалдарға жалғасты жауап беріп отыр.

Ұлттық партия құру ды қолға алуға байланысты сауалға жауап бере келе Мұхтар Болатханұлы былай дейді: «Ол үшін әрбір қазақ азаматы белсенді болуы керек. Әдетте, біз, бір көсемді таңдап аламыз. Ол көсем бізге бәрін шешіп, дайындап береді деп үміттеніп жүреміз. Сосын ол көсемге ондай іске күші жетпейтіні анық болады. Сөйтіп, әлгі көсемге ел өкпелейді, ыза болады. Сөйтіп, ол көсемнен күдерін үзіп, келесі көсемді күтіп отыра береді. Сондықтан әрбір азамат  әр істе белсенділік танытпаса, ешнәрсе өзгермейді. Егер халық белсенді болмаса, тіпті қоғамдағы бас көтерер азаматтарды ешнәрсені өзгерте алмайды».

 

- Ұлтшылдар билікті сыртынан өзгертуі керек пе, әлде билікке көптеп қатысып, ішінен өзгертуі керек пе?

- Отанымыздағы саяси жүйені сыртынан да, ішінен де өзгертуіміз керек.

- Тілімізді қысқа мерзім ішінде  мемлекеттік дәрежеге қалай жеткізуге болады?

- Ол биліктің ниетіне байланысты. Әкем айтқандай, Назарбаев түске дейін тек қана қазақша сөйлесе, түстен кейін барлық билік жүйесі қазақша сөйлемесе де, қазақша маңырай бастайды.

Қазақ тілін мемлекет дәрежеде өзгертуге қолайлы барлық жағдай бар. Халқымыздың саны – 70 пайыз.  Тіл туралы заң бар. Ал, ақпараттық саясатты да өзгертуге болады.  Біз, халық дайынбыз. Осының бәріне тек ниет қана қажет.

- Еліміздегі басқа халықтарды қалай қазақтандырамыз?

- Күшпен қазақтандырамыз деп айта алмаймын. Өйткені, ол -  жалған жол. Оларға түсіндіру жұмыстарын қолға алуымыз шарт. Себебі, осыған дейін билік мұндай істі жасаған емес. Жасағаны былай тұрсын, бір баяндаманың өзін екі түрлі айтады: қазақшасы басқа, орысшасы бір бөлек.

Қазақтандыру, қазақ тілін үйретуде өзге ұлттардың қызығушылығын тудыратын әрекеттерге бару керек. Мысалы, жекелеген адамдар мен компания, фирмаларға бір жылдың ішінде қазақ тілін үйреніп, мемлекеттік тілге көшсе, салықтан жеңілдік жасауға болады. Мұндай әдіс халықаралық тәжірбиеде бар. Сосын бізге тілдік орта қалыптастыру қажет. Мәселен, сапалы оқулықтар, мультимедиалық құралдар шығарып, Голливудтың жаңа шығып жатқан фильмдерін қазақ тіліне аударып, еуропаның әртүрлі бағыттағы телеарналарын қазақша сөйлетуге тиіспіз. Мұның бәрін іске асыру үшін қаражат керек. Ал, ол қаражат біздің елде бар. Мысалы, еуропаның біз орысша көріп отырған арналары Польшада, Грузияда сол елдердің мемлекеттік тілінде ғана көрсетіледі. Демек, оны бізге де жасауға болады. Және әлемдік философияны, көркем әдебиетті, үздік экономисттердің еңбектерін қазақ тіліне аударып жариялауымыз керек-ақ.

Бәрі де биліктің ниетіне келіп тіреледі. Мәселен, қазақ тілін дамытуға бөлінетін бір жылдық қаржы 19 млн. доллар болса, «Астана» велоспорт клубына бөлінетін қаржы – 24 млн. доллар.

- Халқымызды ауылда болсын,қалада болсын,қалай жұмыспен қамтамасыз етуге болады?

- Біздің елде метроқұрылымның 80 пайызы жойылып кетті. Бұл – ресми статистика. Еліміздегі тасжолдардың жағдай қандай екенін бәрімізге мәлім. Ал, ауылдан келген қазаққа  баспана бағдарламасы ауадай қажет. Үлкен қалаларда үй алу – қиямет іс. Бір ғана жолы – банктерден несие алып,  үй алғанымен оны өтеу үшін банктің құлына айналасың. Сол үшін қоғамдық жұмыс бағдарламасы керек. Жұмыстың мұндай түрі АҚШ-ты Рузвельт басқарған тұста болған. Мәселен, жолдарды, инфроқұрылымды жөндеу, салу мұның бәрі халыққа жұмыс қой. Мемлекетте ақша бар. Ұлттық қорда 60 млрд-тай доллар жатыр. Яғни, бес-алты жылдың ішінде елдің инфрақұрылымын қайта салып, жаңарту шығуға болады. Ал, ол дегеніңіз, әрбір адамға жұмыс.

-  1. Қазақтың жерасты, жерүсті байлығына кім ие болмақ? Осы мәселенің шешу жолдары қандай?

- Қазба байлықтарға байланысты жасалған барлық келісім-шарттарды ашып, қарауымыз қажет.  Мүмкін келісім-шарттар да мемлекеттің мүддесі шынымен қорғалған шығар, кім білсін! Өкінішке қарай, біз оны білмейміз. Себебі, келісім-шарттар құпия. Өзге елдердің тәжірбиесіне қарасақ, мұндай келісім-шарттарды  парламент қабылдайды. Біз ондай емес.

-   Жемқорлық мәселесі. Бүгін министр қылады, кеденді басқартады, ертең жемқор боп шығады. Осыған кім жауапты деп ойлайсыз? Кадр таңдаудағы ағаттық па әлде кландар арасындағы саяси ойын ба? Көбіне орынбасарлары шатылады, ал басшысы неге жауапқа тартылмайды?

- Бұл біріншіден, жеке мемлекеттік қызметкер, екіншіден, жүйеге байланысты.Жемқорлық мәселесінде шабақтардың тұтылып, сазандардың құтылып кету ол – әдейі ұйымдастырылып, солай жасақталған жүйе. Бәрі соның кесірі.

Дәурен Қуат «31» арнадағы кабинетінде: "Еуразиялық үштік пен Владимир Кимнің Қазақстаннан кетеміз, Батыс биржаларына қатысып қана отырамыз" деп жүрген сөздерін айтып қалды. Бұл адамдар қазақстандық емес, біздің елге келді де байлығымызды теспей сорып алпауыттарға айналды. Енді оларды сол қалпында жібере салуға болады ма? Қазақстанға еш пайдасы болмаса, оларға билік неге мыс пен алюминийді беріп қойып қарап отырды?

- Бұл мәселе де биліктің ниетіне байланысты.  Стратегиялық нысандағы өндіріс орындарын жарты жылдың ішінде мемлекет меншігіне қайтарып алуға мүмкіндігіміз бар.

- Мұхтар бауырым, тәуелсіздігімізге жиырма жылдан астам уақыт өтсе де, қазақ ұлтының іргелі мәселелері (жер, тіл, дін, азат сана) әлі шешілмеген сияқты. Мына ғаламдану дәуірінде тіпті барымыздан айырылып ұлтқа тән белгілерімізден ажырап бара жатқандаймыз. Осы процесті тоқтатау үшін не істеуге болады?

- Ол үшін әрбір қазақ азаматы белсенді болуы керек. Әдетте, біз, бір көсемді таңдап аламыз. Ол көсем бізге бәрін шешіп, дайындап береді деп үміттеніп жүреміз. Сосын ол көсемге ондай іске күші жетпейтіні анық болады. Сөйтіп, әлгі көсемге ел өкпелейді, ыза болады. Сөйтіп, ол көсемнен күдерін үзіп, келесі көсемді күтіп отыра береді. Сондықтан әрбір азамат  әр істе белсенділік танытпаса, ешнәрсе өзгермейді. Егер халық белсенді болмаса, тіпті қоғамдағы бас көтерер азаматтарды ешнәрсені өзгерте алмайды.  

- Бізде қазақ мүддесін батыл көтеріп қорғайтын ұлттық партия құру мүмкіндігі бар ма?

- Бар. Егер халық белсенді болса. Мысалы, партия құру үшін мың адам керек. Ал, қырық мың адам деген не? Аз ғой. Бірақ, біздің халқымыз ұлттық партияның қатарына кіруге қол қоя ма? Жоқ, тағыда сол саяси үрейдің құшағында отыра бере ме?  Ал, үрей деген – құлдың сезімі. Құлдың қасиеті.  Кешіріңіздер, бірақ құл қорқып отыра берсе, оған кім көмек бере алады? Ешкім.  Сондықтан әрбір адам батыл әрі белсенді болуы шарт.

(Жалғасы бар)

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1456
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3219
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5273