Өзбекстанның энергетика министрлігі мәліметінше, шаңды боранның салдарынан Бұхара, Навои және Самарқанд облыстарында 40 мың үй жарықсыз қалды.
Соңғы жылдары Өзбекстанда жаз мезгілінде құм борандар жиі байқалады. Мамандардың айтуынша, ғаламдық жылудың нәтижесінде Өзбекстан шөлге айналып, құрғақшылық қысуы мүмкін.
Жасыл желектердің жойылуы, жолға тас төсеу, құрғақшылықты одан сайын тездетуі мүмкін.
Энергетика министрлігі 19 маусымда құм бораннан зардап шеккен 3 аймақта қауіпсіздік үшін электр жарығы сөндірілгенін мәлімдеді.
Ауада шаңның көбеюі адам денсаулығына кері әсерін тигізеді: адам ағзасының демалу жолдарының инфекцияларына, бронхитке, жүрек-қан тамыр ауруларына әкелуі мүмкін. Дәрігерлер шаңды үнемі жұтқн адам қатерлі ісікке шалдығуы мүмкін.