Жұма, 22 Қараша 2024
1680 0 пікір 27 Маусым, 2023 сағат 12:06

Қант тағы қымбаттай ма?

Қант бағасының өсу қаупі бар ма? Тапшылық бола ма? Бұл сауалдарға Премьер-Министрдің орынбасары, Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин жауап берді.

«Әуелде қанттың көтерме бағасының ең төменгі деңгейін енгізгіміз келді, әзірге тоқтадық. Өйткені, қант қымбаттап жатыр. Бізде қант өндірісі Ресейге қарағанда қымбатқа түседі. Әзірге ресейлік қант арзан, дегенмен біз әзірге жағдайды қалыпта ұстауды жөн көрдік. Отандық қант зауыттарын қолдау шаралары қазір пысықталып жатыр. Әзірге қант бағасының босаңсуына жол бермеу үшін өндірушіні субсидиялау нұсқасын ғана қарастырамыз», - деді Серік Жұманғарин Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына.

Сондай-ақ, министр шикізаттың қымбаттағанын айтты.

«Мәселені шешуде ұзақмерзімді перспектива тиімдірек. Әрине, қазір жағдай өте тиімді – қант арзан. Бірақ біздің зауыттар қоймадағы қантты сата алмай отыр. Себебі өндіріс құны өте қымбат. Өйткені шикі қант биржаларда қатты қымбаттады. Қант тапшылығы қаупі жоқ, ал қымбаттау бойынша мәселені қарастырамыз», - дейді ол.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3227
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5286