Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 4314 16 пікір 4 Шілде, 2023 сағат 13:37

«Қыз Жібек» фильмін қайта түсіру керек

Қайта-қайта түсіру керек. «Шегірткеден қорыққан егін екпес» дейді ғой. Алаңдаушылық қазіргі деңгей мен мемтапсырыстық кинолардың сапасынан шықса керек.

Бірақ, «Қыз Жібек» фильмі қанша жерден шедевр, қою классикалық туынды болса да оның қазіргі ұрпақтың көзімен, танымымен жаңа нұсқасы түсірілуі керек. Жаңасы түсірілсе ескісі жоғалып кетеді деген әңгіме емес. Ұрпақ алмасқаннан кейін, құндылық жаңарады. Марвел, Холивуд (Голивуд қой сол), Дисней өнімдерін көріп өскен ұрпаққа «біздің қазақ киносы мынау еді» деп кеңестік цензура әбден мүжіген фильмді қайтып көрсетесіз. Алдағы он-жиырма жылдағы ұрпақ тіпті ол фильмді қалай қабылдайды.

Қазақ киносында қадамдап болсын даму бар. 2010 жылдардағы фильмдерді қараңыз, соңғы жылдардағы жаңа туындыларды қараңыз. Абай, Ахмет, Мыржақып секілді тұлғаларға түсірген туындылар қандай тамаша шықты.

Жаман-жақсы болуы ол басқа әңгіме. Меніңше, біз қалай да басып өтетін процестерді кейінге шегере бермей, қазір де батылдықпен басып көруіміз керек. Жаңа «Қыз Жібек» сәтсіз болса да, ең кемінде жаңа буынға өз танымында бұрынғы дәуірдің бояуын, ұлттық құндылықты нәсихаттайды.

Біз әрине Ғ. Мүсірепов пен С.Қожықов бола алмаймыз, тіпті болуға міндетті емеспіз де. Біз тек осы дәуірдің ұрпағымыз, осы дәуірдің көзімен қараймыз, қабылдаймыз. Сондықтан өткеннің бәрі керемет дей бермей, өзімізге де үмітпен қарағанымыз да дұрыс.

 

Естай Божан

Abai.kz

16 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1452
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3215
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5231