Сенбі, 23 Қараша 2024
Әріптестің әңгімесі 2841 12 пікір 18 Шілде, 2023 сағат 12:09

Ресей қазақтары: Ресей біздің күшіміз!

Ресейдің Түмен облысында қазақтардың құрылтайы өтті. Оған Алтай өлкесінен, Қорған облысынан, Мәскеу, Новосібірден және басқа аймақтардан делегациялар келді, бас-аяғы Ресейдің 18 субьектісінен қонақтар келіп қатысты, деп жазады Mezgil.kz

Түмен облысының губернаторы Александр Моор облыста елдің игілігі үшін қызмет етіп келе жатқан 150 ұлттың өкілі тұратынын жеткізді.

«20 жылдан астам уақыт бойы мереке Түмен облысының әртүрлі муниципалды аймақтарында өтіп келеді. 2023 жылы Бүкілресейлік мәртебеге ие болған құрылтай Заводоуковка қалалық округіне жайылып, бірнеше мың қонақ келді»,-деп жазыпты басылым.

«Мен еліміздің түкпір - түкпірін араладым, Ресей – ұлы ел. Еліміз үшін ең маңызды дүние – халықтар достығы»,-деп  Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков.

«Ресей қазақтарының құрылтай туын көтеру мәртебесі Қазан ауданының тумасы, «арнайы әскери операция» кезінде қаза тапқан Ресейдің батыры Жұмабай Раизовтың әкесі Нұрбай Раизовқа берілді»,-деп жазады басылым.

Түменде 15 киіз үй тігілген. Дастархан жайылып, қазақтың ұлттық тағамдары қойылған. Ұлттық киімдер мен зергерлік бұйымдар таныстырылған. Ат жарысы, күрес, гір көтеру сияқты спорттық ойындар турнирі өткен.

Айта кетсек, 13 шілдеде Петропавл қаласының әкімдігі Ресейдегі қазақтардың құрылтайы өтетіні туралы хабарлаған.

«2023 жылғы 15 шілдеде Түмен облысының Заводоуковка қалалық округінде Ресей қазақтарының құрылтайын өткізу жоспарлануда. Іс-шараға Ресей Федерациясының 15 аймағының делегациялары, федералды және аймақтық билік органдарының, Түмен облысының қалалары мен аудандарының өкілдері қатысады. Қазақстан тарапынан Ресей қазақтарының құрылтайына Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының делегациясы қатысады деп жоспарлануда», - делінген хабарламада.

Abai.kz

12 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5458