Дүйсенбі, 21 Қыркүйек 2026
2804 0 пікір 19 Шілде, 2023 сағат 14:36

АҚШ Таяу Шығысқа әскери ұшақтар жібереді

Құрама Штаттар Таяу Шығысқа АҚШ қарулы күштеріндегі ең озық әскери ұшақ - F-35 жойғыш-бомбалағыштары мен эсминец жібереді. Сол арқылы Вашингтон Иран мен Ресейге белгі беріп отыр. Бұл туралы дүйсенбі күні америкалық әскер өкілі мәлімдеді.

АҚШ қорғаныс министрі Лллойд Остиннің осындай шешім қабылдауына Ормуз бұғазындағы халыралық су аумағында Иранның екі танкерді басып алуға талпынғаны себеп болды. Бұл оқиға екі апта бұрын тіркелген. Ұшақтар мен кеме Таяу Шығысқа барып, маңызды теңіз жолдарының қауіпсіздігін қадағалайды дейді Пентагон өкілі Сабрина Синг.

Пентагонды Иранның осы әрекеті ғана алаңдатып отырған жоқ деп жазды Wall Street Journal. Америкалық әскерилердің айтуынша, кейінгі уақытта америкалық ұшқышсыз ұшақтар Сирия аспанында ресейлік ұшақтардың нысанына айналған. Олар америкалық дрондардың радикал террористік топтарға қарсы операциялар жүргізуге кедергі жасаған.

Өткен аптада ресейлік барлау ұшағы Сирияның оңтүстік-шығысындағы америкалық әскери базасының үстінен ұшып өткен. Пенгатонның пікірінше, Ресей осы әрекеті арқылы Вашингтонға қысым жасауға талпынып отыр.

Озық үлгідегі жойғыш-бомбалағыштар көмегімен Пентагон түрлі жағдайларға қатысты тез арада әрекет ете алады.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1359
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2943
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1013
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 951