Дүйсенбі, 7 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3535 0 пікір 2 Қыркүйек, 2009 сағат 17:56

Облыс әкімінің гранттары шығармашыл зиялыларға берілді

Конституция күні мерекесі қарсаңында Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаев облыстың мәдениет және өнер салаларының дамуына қосқан жеке үлесі мен мәдени әлеуетті нығайтуға бағытталған жемісті еңбегі үшін шығармашыл зиялылардың бір тобын  әкім гранттарымен марапаттады.

Аймақ басшысы әкімдіктіктегі салтанатты жиында жергілікті әдебиетшілер, музыканттар, әртістер арасынан озық өнерімен танылған тоғыз адам: ақын, аудармашы Виктор Семерьянов, Шарбақты ауданындағы Мәдениет үйінің «Лейся песня» және «Қарлығаш» вокалды топтарының жетекшісі Николай Вакула, Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыкалы драма театрының актеры Әділ Дәурен, А.Чехов атындағы драма театрының актеры Дмитрий Доморощенов, мүсінші Бота Машрапов, айтыскер ақын, «Шаңырақ» ақындар мектебінің жетекшісі Асығат Тұрғанбек және ақын, журналист Арман Қаниға шығармашылық табыс тілей отырып,  әрқайсына 300 мың теңге көлеміндегі   әкім  грантын табыс етті.

Дағдарыс кезеңінің өзінде өңір халқының мәдени өмірінің дамуына да  айрықша назар аударып, шығармашылық адамдарына қамқорлық  көрсетуімен танылған облыс әкімі Бақытжан Сағынтаевқа грант иелері ризашылық сезімін білдіріп, алдағы уақытта да ел игілігі үшін шығармашылықпен еселі еңбек ететінін мәлімдеді.

А. БАҚТАНҰЛЫ

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 928
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2412
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 639
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 620