Сәрсенбі, 23 Қыркүйек 2026
2230 0 пікір 24 Шілде, 2023 сағат 12:07

ТЖМ төрағасы мен ТЖД бастықтары тергеліп жатыр

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Астана қаласының ауданаралық тергеу сотымен ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасына, Шымкент қаласы мен Жетісу облысы ТЖД бастықтарына қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланғанын мәлімдеді. 

Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жалғасып жатыр.

«Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі», – деп жазылған хабарламада.

Бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты комитет төрағасы және департамент басшылары жемқорлық күдігіне іліккені хабарланған.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1394
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2973
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1042
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 972