Сәрсенбі, 2 Қыркүйек 2026
3198 0 пікір 27 Шілде, 2023 сағат 13:28

Ұлттық банк: «Қағаз 200 теңгелік әлі де айналымда»

Номиналы 200 теңгелік банкноттар қабылданбай жатқаны туралы шағымдарға байланысты Қазақстан Ұлттық банкі олардың заңды төлем құралы саналатынын мәлімдеді.

«Бұл банкноталар Қазақстан Республикасының барлық аумағында кез келген төлем түрі бойынша қабылдануға міндетті», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ Ұлттық банк еске салып өткендей, Қазақстан Республикасының аумағында айналымдағы ұлттық валюта банкноталары мен монеталарын белгіленген құнына қарай қабылдаудан бас тарту – «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 206-бабында көзделген әкімшілік жауапкершілікке жетелейді.

«Бұған қоса, Ұлттық банк номиналы 200 теңгелік жаңа банкноталарды айналымға шығармағанын атап өтеміз. Айналымдағы 200 теңгелік банкоталар заңды күшін жойған жоқ әрі табиғи тозығы жеткенде ғана айналымнан шығарылып, 200 теңгелік монеталармен ауыстырылады. Қосымша сұрақтар туындаса, 1477 нөмірі арқылы Ұлттық Банктің байланыс орталығына хабарласуға болады», - деп түсіндірді ҰБ.

Фото: ғаламтордан

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 292
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 853
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 299
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 290