Жұма, 22 Қараша 2024
Қоғам 2991 1 пікір 28 Шілде, 2023 сағат 11:30

АЭС салу туралы қоғам талқысы қашан өтеді?

Қазақстанда АЭС салу бойынша қоғамдық тыңдалым биыл 22 тамызда өтетін болды.

"Құрметті Жамбыл ауданы мен Үлкен ауылының тұрғындары! 2016 жылғы 12 қаңтардағы "Aтом энергиясын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сəйкес "Алматы облысы, Жамбыл ауданында АЭС салу жоспары туралы" жария тыңдаулар өткізу жоспарланғанын хабарлаймыз. Тыңдалым өткізудің мекен-жайы мен орны: Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Үлкен ауылы орта мектебінің мəжіліс залы. Өткізу күні мен уақыты: 2023 жыл 22 тамыз сағат 11:00-де", - делінген хабарламада.

Бұған дейін Алматы облысы, Жамбыл аудандық әкімдігі мен «Самұрық-Қазына» қоры Атом электр станциясы құрылысына қатысты алғашқы қоғамдық тыңдалымды 28 ақпанда өткізбек болған. Бірақ жиын өтпей қалды.

Қазақстанда АЭС құрылысын бастау әлі күнге дейін қоғамда дау туғызып келе жатыр. Президент Тоқаев 2022 жылы шетелдік инвесторлар кеңесінің 34-ші пленарлық отырысында АЭС салудың тиімділігін айтып, Қазақстанда құрылысты бастайтын жердің анықталғанын жариялаған еді. Сондай-ақ мемлекет басшысы халықтың пікірін тыңдамай тұрып, АЭС-тің салынбайтынын мәлімдеді.

Былтыр 13 маусым күні бұрынғы Энергетика министрі Болат Ақшолақов атом электр станциясы Алматы облысындағы Үлкен ауылында салынатынын айтты.

«Самұрық-Қазына» қоры 2022 жылдың қыркүйек айында Қазақстандағы 16 жаңа басым инвестициялық жобалар тізімін ұсынды. Ол тізімде 2032 жылға дейін АЭС салу жоспары бар.

Таяуда маусымда энергетика министрлігі АЭС мәселесі референдумға шығарылмайтынын мәлімдеген.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5289