Бейсенбі, 28 Қараша 2024
Көршінің көлеңкесі 1604 0 пікір 28 Шілде, 2023 сағат 12:53

«Ведомости» қауесеті: «Қазақстан Ресейге АҚШ фильмдерін сатып жатыр»

Өткен жылғы наурыздан бастап Ресей Голливуд фильмдерін көрсетуден қалған. Ол туралы сайтымызда жазған болатынбыз. Бүгін сол тақырыпқа қайта оралып отырмыз. Себебі, Ресейлік «Ведомости» басылымы «Қазақстандық кинотеатрлар Ресейге Голливуд фильмдерін заңсыз сатты» деген қауесет таратты.

Онда «Голливудтық компаниялары фильмдерінің пираттық көшірмелерін Ресейге жеткізудің жолы, оны сатып алушылар анықталды дейді де, фильмдерді заңсыз түрде жеткізгендер ішінде қазақстандық кинотеатрлар да бар» дейді. Алайда олардың нақты қай кинотеатрлар екені белгісіз деп сиырқұйымшақтатып жібереді.

Бәріміз білеміз, таяуда көрерменге жол тартқан Голливудтық «Барби» және «Оппенгеймер» сынды премьералар ресейлік прокатқа шықпайтын болғандықтан, Ресейдегі кинотеатрлар онлайн-сервисте пайда болған фильмдердің пираттық көшірмелерін көрсете бастаған еді.

Ресейлік «Ведомости» басылымының қазақтарға жапқан жаласына қатысты Warner Brothers пен Universal Pictures студиясы фильмдерінің Қазақстандағы ресми дистрибьюторі SC Distribution «бұл-жалған» деп мәлімдеді.

Осы мәлімдемеде: «Кинопрокаттағы барша картиналар жоспар бойынша көрерменге жол тартып, кино қарақшылықты алдын алудың барша шарасы ескерілді», - деп айтылды.

Сонда «Ресейлік басылымның көздегені не?»  деген ойға қаласың. Қазақстан жұрты да дәл өздеріндей кино көру құқығынан қағылсын деген арам пиғыл бұғып жатқан жоқ па?

Әбіл-Серік Әліәкбар

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1577
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3387
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6544