Алакөлдің шунгит тасы
Кейінгі жылдары жол қияметіне қарамай, жаппай Алакөлге барып демалып жатқандар көлдің жағалауында шунгит тастардың бар екенін біле ме екен?
Жағалауындағы әйгілі қара батпақ пен ақ балшықтың құрамында осы шунгит өте көп. Бұл тастың үлкен энергиясы қара батпақ пен ақ балшық сиқырының әсерінен қаншама адамның денсаулығы жақсарды. Ақ балшық пен қара батпақтың пайдалы екенін білсек те құрамында осындай құдіреттің бар екенін анықтау үшін мамандардың арнайы зерттеуі қажет.
Қолда бар алтынның қадірін жоғалтып алғанда сан соғатын біздер көлдің киесі мен қасиетіне терең мән бермей келеміз. Алакөлдің тылсым қасиеті туралы Жарбұлақтың әкімі Бауыржан Кенжебайұлымен емен-жарқын әңгімелескенде: «Бір айтатын мәселе, елге жаман дерт жаппай келгенде көл жағалауында жүргендердің ешқайсысы сырқаттанбады. Ауылдағылардың кейбіреулері сырттан ауырып келгені болмаса, Алакөлдің сарай ашар самалының өзі жанға шипа ғой», - деп марқая айтып еді.
Көлге келген орыс халқы көл жағалауындағы қара тастарды теріп сөмкелеп арқалап жүр. «Бұл тасты не істейсіздер?» дегенге, «Бұл шунгит, емдік қасиеті өте жоғары», - деп түсіндірді.
Шунгит – 99 пайызға дейін көміртектен тұратын сирек қара тас. Ол негізінен Ресейдің Карелиядағы Шунга ауылында кездеседі. Тастың құрамында фуллерендер немесе 60 көміртек атомынан тұратын молекулалар бар. Ежелгі заманнан бері бактериялар мен вирустарға қарсы болжамды белсенділігіне байланысты шунгитті су тазарту үшін қолданылған. Бұл күнде Алакөлге мөлшерден тыс адамдардың көп келуі мен суды ластауы туралы жиі айтылады. Бірақ көлдің шунгитті тастары мол қасиеті толқынмен шаю арқылы тазартып алады. Әрине, бұл көлді ластай беруге болады деген сөз емес. Кейінгі жылдары көл киесінің назданып, лайлана толқып, күркіреп, жол апаттарының жиі орын алып жататыны демалушыларды ойландырмасы анық. Киелі жерде даңғазалық, ластау, көл суына дәрет сындыру – су қасиетін кетіреді. Бабалар тыйымында «суды лайлама!» «суға түкірме!» деген тәмсіл бар.
Кейіннен белгілі болған бір ғана шунгит тастың суы адам ағзасына көп әсер етеді екен. Ауырсынуды тыныштандырады, қабыну процестерін жеңілдетеді, зарарсыздандырады. Шунгит суы сізді созылмалы шаршау синдромынан және түрлі аурудан сақтайды. Аурудың алдын-алу үшін оны күнделікті ішу пайдалы. Шунгит стрессті жеңілдетуге көмектеседі. Ол теріс энергияны сіңіреді және эмоцияларды теңестіреді деп саналады.
Шунгит сумен күнделікті жуу бет терісінің жақсартады. Ұсақ әжімдер, ісіну және басқа да тері ақаулары жоғалады. Фуллерендер - шунгит құрамындағы антиоксидантты жасушалар теріні қалпына келтіреді. Шунгитті сумен шашты шайса, тамырларды нығайтады.
Шунгиттің пайдасы туралы ғылыми дәлелдер аз болғанымен медициналық дәлелдемелерде - аллергия, диабет, анемиямен, әлсіз иммунитетпен ауыратындар шунгитті сумен емделеді. Жаралар мен күйік, буындардың, асқазан ауруларының алдын алуға көмектеседі.
Шунгит тасының құрамында Менделеевтің периодтық жүйесіндегі 25-тен
астам элементі бар. Шунгит суы - ас корыту бузылыстарына, әртүрлі урологиялық бұзылуларға пайдасы зор. Сонымен қатар, тұрмыстық техникадан, ұялы телефоннан және компьютерден электромагниттік сәулеленудiң зиянды әсерiне қарсы тұра алады екен.
Шунгитті бірнеше жолмен қолдануға болады. Оны сөмкеңізде алып жүрсеңіз, жағымсыз энергеиялардан қорғайды. Қалтаңызға салып жүрсеңіз, бойыңыздағы микротолқынды азайтады. Ұйқыңызды жақсарту үшін тасты төсегіңіздің жанына қойыңыз.
Соңғы жылдары емдік қасиеті таныла бастаған бұл тастардың ақыл-ой, адам денсаулығын әртүрлі жолдармен жақсартатын қасиеттерге ие деп саналады. Қосымша және балама медицинада қолданылғанымен, мамандардың айтуынша әлі толығымен зерттелмеген шунгит таспен тұндырылған су – аллергия, тамақ ауруы, астма, асқазан, артрит, бүйрек, бауыр сырқаты, өт қабыну, т.б. көмектеседі.
Дегенмен, казіргі уақытта шунгитпен тұндырылған су бұл жағдайларды емдеуге көмектесетін теорияны растайтын клиникалық дәлелдер жоқ. Алакөл жағалауында емдік қасиеті мол осындай клиникалар ашылса, көл жағалауындағы шунгит тастар, қара батпақ, ақ балшық таптырмас байлықтың көзіне айналар еді.
Біздің «Алакөл! Алакөл!» құр даурығып жүрген көліміздің қасиеті осындай!
Алмахан Мұхаметқалиқызы
Abai.kz