Сенбі, 23 Қараша 2024
1783 0 пікір 2 Тамыз, 2023 сағат 15:43

Қарағандыда уланған балалардың жағдайы қалай?

Дәрігерлер Қарағандыдағы балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында уланған балалардың жағдайы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұдан бұрын 1 тамызда ауруханаға тағы екі бала жеткізілгенін хабарланған болатын. Дәрігерлердің айтуынша, олардың жағдайы тұрақты.

«Стационарлық ем алып жатқан балалардың жағдайы тұрақты. 1 тамызда түскен екі пациенттің біреуінің жағдайы орташа, екіншісінің жағдайы қанағаттанарлық. Екеуі де бөлімшеде», - деп хабарлады Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Ақ халаттылардың айтуынша, алты бала әлі де жансақтау бөлімінде жатыр.

31 шілдеде ауруханаға түскен басқа балалардың жағдайы оңалыпты. Екеуі үйлеріне жіберілген, тағы бесеуі инфекциялық бөлімшеде ем алып жатыр.

«Қазіргі уақытта облыстық клиникалық аурухананың инфекциялық орталығының бөлімшесінде емделіп жатқан екі баланың жағдайы жақсаруына байланысты, ауруханадан шығарылды. Олар МӘС дәрігерінің бақылауында», - делінген хабарламада.

Еске салайық, 30 шілдеде Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында балалар жаппай уланғаны хабарланған.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, балалардың улануына тамақтың қатысы жоқ.

Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл осы оқиғадан кейін елдегі 84 әлеуметтік мекеменің барлығы жіті тексерілетінін мәлім етті.

Сондай-ақ, Қарағандыда балалар уланған орталықтың 12 қызметкері жұмыстан шеттетілгені белгілі болды.

Бұдан бұрын порталымыздың тілшісі нейропсихиатриялық аурулары бар балалар ем қабылдайтын жабық мекемеде не болғанын анықтауға тырысып көрген.

Фото: ашық дереккөзден

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5343