Ақтөбе қаласында жаңадан пайдалануға берілген үш қабатты еңселі кешен транспорттық қызмет көрсету сервисі бар, сонымен бірге әкімшілік-спорттық бөлімдерді құрайды. |
|||
|
|||
Жаңа кешеннің бір қызметі — Қостанай қаласындағы «Агромашхолдинг» машина жасау зауытында шыққан жеңіл көліктерді тұрғындарға сату. Сондай-ақ осы кешенде спорттық шараларды өткізуге мән берілуі жас ұрпақтың жан-жақты дамытуға жасалып отырған қамқорлық іспетті. Аталған кешенді ел игілігіне ұсынып отырған белгілі кәсіпкер, «Тенке Капитал KZ» ЖШС директоры Сембай Салжанов осы құрылысқа салынған инвестиция көлемі 560 миллион теңге құрағанын айтты. Алдағы уақытта осында жүзден астам еңбек ететін болады.
Ең көп оқылған
0 пікір
Үздік материалдар |