«Арғы беттегі» ең танымал ақын – Таңжарық
Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінде туған ақын-жазушылар арасында шығармалары ең көп басылғандар көшін Таңжарық Жолдыұлы, Омарғазы Айтан, Жұмабай Біләл, Оразхан Ахмет бастап отыр.
Бұл туралы Шыңжаң өлкесіндегі қазақ тілді кітаптар шығаратын 12 баспаның басын біріктіретін «Шыңжаң» халық баспасы корпорациясы бас редакторының орынбасары Шәріпхан Абдалиұлы ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында айтты.
Оның айтуынша, аталған ақын-жазушылардың шығармалары осы уақытқа дейін баспалардан 4-5 реттен жарық көрген. Оның ішінде әсіресе, ақын Таңжарық Жолдыұлын ерекше атап өтуге болады. 1903 жылы 15 наурызда Іле аймағындағы Күнес ауданында өмірге келіп, 1947 жылдың 6 тамызында туған жерінде дүниеден озған қаламгердің туғанына биыл 110 жыл толды. Ол 1935 жылы Қытай қазақтарының тұңғыш баспасөзі - «Іле өзенін» шығаруды ұйымдастырып, 1940 жылдың 2 ақпанына дейін оның бас редакторы қызметін атқарған және Бейімбеттің «Шұға» пьесасын сахналаған.
Abai.kz