Оңтүстік Корейге заңсыз кірген Қазақстандықтар жазаланды
Оңтүстік Кореяға заңсыз кіріп, әуежайдан қашқан екі қазақстандыққа сот үкімі шықты. Олар айыппұл төлеп, елге қайтатын болды.
Бұл туралы олардың адвокаты Мейіржан Шекеев хабарлады.
«Бұл Қазақстанның халықаралық тағы бір беделді жеңісі. Енді Кореядағы екі жігіт 3 жылға түрмеге тоғытталмай, айыппұл төлеп, елге қайтатын болды. Айтар, жазар нәрселер өте көп. Бірақ әлі бітіретін шаруалар жетіп жатыр. Алла қаласа амандықта жүздесейік», - деп жазды қорғаушы Instagram желісінде.
Еске салайық, наурыздың соңында екі отандасымыз Оңтүстік Кореяға кіруге тыйым салынғанына қарамастан аталған елге заңсыз аяқ басқаны хабарланған.
10 сәуір күні Оңтүстік Кореяға заңсыз кірген жерлестеріміз тергеу изоляторында қамауда отырғаны белгілі болды.
Соттың алғашқы отырысы мамыр айының ортасына жоспарланды.
Фото: ашық дереккөзден
Abai.kz