Жексенбі, 13 Қазан 2024
46 - сөз 1978 3 пікір 15 Тамыз, 2023 сағат 17:23

Балаға мамандық таңдау қиындығы неде?

Фото: ғаламтордан

Көп ата-ана баласын қандай мамандыққа бағыттаудың мәнісін білмейді.

Сондықтан, олар баланың жылт еткен қабілетін ғана көреді де, бала тағдырына қатысты мәселеде ұшқары шешімдер қабылдайды...

Талай жылдар араға салып, "Неге осы оқуды оқыттық екен?" деп өкініп жүрген ата-аналар бүгінде өте көп...

Оған себеп те әрқилы:

Баланың жылт еткен қабілеті - оның болашақтағы бақытты өмірінің кепілі бола алмайды деген қағиданы елемеу;

Баланың икемі қоғамның сұранысына қаншалықты сай келеді деген сұрақты дер кезінде қоймау;

Балаға мамандық таңдар алдында, өзің өмір сүріп отырған мемлекеттің экономикалық-әлеуметтік саясатын ғана емес, алыс-жақын геосаяси жағдайларға толық анализ жасаудың жоқтығы;

Еңбек нарығындағы нақты іске асырылған жобалардың, перспективалық жобалардың приоритеттілігін, олардың қайсысы "миф" күйінде қалатынын және т.т. жүздеген факторларды жеке-жеке талдаудың жоқтығы;

Тіл факторын ескермеу;

Дін факторын ескермеу;

Оқу орнының сапасына мониторинг жүргізбеу;

Жарнама жетегінде кету;

Нарық сұранысына талдау жасамау;

Коррупциалық аһуалға байланысты таңдауға корректировкалар жасамау;

Бала болашағына, оның оқуы мен болашақ бизнесіне бөлінетін отбасылық инвестицияны дұрыс есептемеу...

Таңдалған мамандықтың әлемдік сұранысына және рейтингіне талдау жасамау...

Міне, бұл бастапқы себептері ғана. Одан өзге де көптеген перифериялық себептер де ескерілуі тиіс...

Ең бастысы - баланың болашақта мамандығынан жеріп кетпеуін басты нысанада ұстаған жөн...

Әбдірашит Бәкірұлы

Abai.kz

3 пікір