Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 7060 0 пікір 30 Маусым, 2013 сағат 21:52

Қазақ жеріндегі Ресей полигондары жабылсын!

Мұхтар Тайжан бастаған бір топ азамат Батыс Қазақстан облысы аумағындағы Ресейдің әскери полигондарын жабуды талап етіп отыр. Осыған орай, өткен аптада баспасөз мәслихатын өткізіп, мәлімдеме жасады.

Төменде мәлімдеменің мәтіні мен баспасөз мәслихатының бейнематериалын жариялап отырмыз. Ал, жоғарыдағы суреттер де Ресейдің әскери полигондарында өткізілетін сынақтардан зардап шеккен адамдар, бауырларымыз!

Abai.kz

 

Мұхтар Тайжан бастаған бір топ азамат Батыс Қазақстан облысы аумағындағы Ресейдің әскери полигондарын жабуды талап етіп отыр. Осыған орай, өткен аптада баспасөз мәслихатын өткізіп, мәлімдеме жасады.

Төменде мәлімдеменің мәтіні мен баспасөз мәслихатының бейнематериалын жариялап отырмыз. Ал, жоғарыдағы суреттер де Ресейдің әскери полигондарында өткізілетін сынақтардан зардап шеккен адамдар, бауырларымыз!

Abai.kz

 

Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасы аймағындағы әскери полигондары жергілікті тұрғындарға орасан зиян келтіруде. Полигондарда сынақтан өткізіліп, жарылып жатқан зымырандардың қатерлі уы қарапайым халыққа әсер етуде.
Ресейдің Капустин Яр әскери-сынақ полигонына Қазақстан-Ресей халықаралық келісімі бойынша Батыс Қазақстан облысының Бөкейорда және Жанқала аудандары аймағынан 1,456 млн гектар жер берілген.
Капустин Яр және Азғыр полигондарында жүргізіліп келе жатқан 55 жыл бойғы сынақтар кезеңінде бұл аймақта денсаулығы сыр бермеген адам қалмаған деуге болады. Сәби өлімі облыстық көрсеткіштен 1,5 есеге жоғары. Балалар мен жасөспірімдер арасындағы ауру жөнінен кейбір деректерде 100 000 адамға шаққанда 88 638 жанның сырқаты бары белгілі болған. Полигон аймағына кіретін жерлердегі халық арасында түрлі қатерлі ісіктердің көбеюі байқалады.
Алдын ала жасалған радиоэкологиялық зерттеулер нәтижесіне қарағанда БҚО-ның оңтүстік өңірі радионуклидтік және ауыр металлдармен уланғаны, оның ауа мен топыраққа, суға, сол арқылы жергілікті халыққа залалы анықталып отыр. Қаратөбе, Қазталов, Жанқала, Тайпақ, Бөкейорда аудандарындағы барлық су көздері радионуклидтік және ауыр металлдармен уланғаны кесірінен ішуге, пайдалануға жарамсыз. Никель, қорғасын, марганец, кобальт сияқты аса зиянды құрамдар рұқсатты мөлшерден жүздеген есе жоғары.
Батыс Қазақстан аймағындағы жануарлар әлемі де бұл полигондар зардабын шегуде. Түсініксіз жағдайда малдың, жабайы киіктердің жаппай қырылуы әлденеше рет кездескен.
БҚО ғана емес, Атырау облысының Құрманғазы және Қызылқоға аудандары аймағы да ресейлік Азғыр полигонының зардабын 15 жыл бойы тартты. Азғыр полионында ресми мәлімет бойынша 17 рет ядролық сынақ жүргізілген. Алғашқы сынақ 500 шамалы тұрғыны бар Азғыр ауылынан 1,5 шақырым жерде 160 метр тереңдікте жасалған. Сынақтан соң 20 күн бойына жер бетіне 200 мың Кюри радиактивті газ шыққан. Ал келесі сынақтан соң 9 күн бойына ауаға газ тарап оның өлшемі 5,4 млн Кюриді құраған.
Ресейлік атомшылар одан кейінгі жасалған тағы да 5 жойқын сынақ-жарылыстың зияны жөнінде мәлімет бермей қойған. Құпияланған төрт жарылыс алаңқайынан ғана шыққан радиактивті газ мөлшері 10 млн Кюриден асып кеткен. Мамандардың айтуынша, Азғыр полигонындағы жерасты сынақ үңгірлері апатты жағдайда. Олар аса улы радиактивті түзілімге толып тұр. Жер бетіне, адам пайдаланатын суға, топыраққа араласу қаупі зор. Азғыр ауылы маңындағы цезийдің рұқсатты мөлшері 220 есе, плутонидің рұқсатты деңгейі 240 есе жоғары. БҰҰ-ның даму бағдарламасының көмегімен жасалған ғылыми зерттеулер батыс Қазақстан аймағының химиялық улануға ұшырағанын дәлелдеп отыр.
Капустин Яр және Азғыр полигондарына жері берілген БҚО, Атырау облыстарының барлық аудандары экологиялық апат аймағына жатуға тиіс екенін денсаулық сақтау Министрлігінің арнайы комиссиясы да дәлелдеп айтып отырса да билік мұны мойындағысы жоқ.
Азғыр полигоны жерінің астынан көмірсутегі қорлары табылғаны жөніндегі дерек - аймақтың экономикалық тартымдылығына кері әсер етпес үшін биліктің халық денсаулығын бәске тігіп отырғаны байқалады.

 

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036