Бейсенбі, 17 Қыркүйек 2026
3001 3 пікір 21 Тамыз, 2023 сағат 12:49

Ресейдің "Луна-25" ғарыш кемесі Айдың бетіне құлаған

"Роскосмос" "Луна-25" планеталар аралық автоматты станциясымен байланысы үзілгенін және аппараттың қайда жүргені белгісіз екенін мәлімдеді.

Мекеме "ғарыштық аппарат есептелмеген орбитаға өтіп кетіп, Айдың бетімен соқтығысып, жоқ болуы мүмкін", деп есептейді.

Бір күн бұрын "Роскосмос" "Луна-25" кемесінде әдеттен тыс жағдай болғанын мәлімдеп, бірақ себебін көрсетпеген.

Станцияның апатқа ұшырауына байланысты арнайы комиссия құрылған.

11 тамызда Амур облысындағы "Восточный" ғарыш айлағынан "Луна-25" планеталар аралық станциясы ұшырылған. Бұл Ресейдің жаңа тарихындағы Айға жөнелтілген алғашқы миссия болған. Осыған дейін "Луна-24" станциясы 1976 жылы Совет Одағы тұсында ұшырылған.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1269
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2813
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 918
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 866