21 тамыз күні кешке Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі шекарада көліктер тоқтап тұрғанын хабарлап, олардың саны 370-ке жуық екенін айтты.
Ведомствоның мәліметінше, 20 тамызда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін Қазақстан тарабы тек үш автокөлікті өткізген. Қырғызстан шекара қызметінің өкілдері Қазақстан шекарашыларымен автокөліктерді баяу өткізу мәселесін анықтау үшін кездесу өткізуді жоспарлап отыр.
Қазақстан қаржы министрлігінің баспасөз қызметі Азаттыққа көлік кептелісінің себебі кеден қызметінде емес деп айтты. Қазақстан ҰҚК шекара қызметі бұл оқиғаға әлі түсініктеме бермеді.
Шекарадағы жүк тасушы көліктердің кептілісі осыған дейін бірнеше рет тіркелген. Соңғы рет үлкен кезек маусым айында болды. Қырғызстан шекара қызметі кезек себебін ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорт саны ұлғаюымен байланыстырды.