Сенбі, 23 Қараша 2024
Әне, көрдің бе? 2518 2 пікір 23 Тамыз, 2023 сағат 13:15

Ресейлік Яндекстің һәм орыс барлауының әлегі...

Ресейлік «Деловой Петербург» басылымы өткен жылы «Яндекс. Мемлекет меншігіне алыну: соңғы IT-алпауыт мемлекет бақылауына көшті» (Яндекс.Национализация: последний IT-гигант переходит под контроль государства) деген айдармен сараптама материал шығарды.

Онда осы IT-алпауытты құрушы әм негізін салушы қазақ жерінде дүниеге келген Аркадий Юрьевич Волож кіндік қаны тамған елді ескере отырып, өз бизнесін ресейлік және халықаралық деп қаққа жарғандығы тарқатылып жазылған болатын.

2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап, «Яндекстің» барша жобаларына Федералды қауіпсіздік қызметі шексіз бақылау орнататын болады.

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ЦДИАӨМ) ресейлік «Яндекс» интернет-алпауыты Қазақстан аумағына өзінің барша серверін көшіретіндігін жария етті.

Бұған көршіміз қалай қарайды, бізді бұғаттап тастамай ма, не болмаса, құзіреті күшті орыс барлауы отандастарымыздың жеке мәліметтерін өз бақылауына ала ма деген қорқыныш пен үрей отандық БАҚ желдей есті. Аталған компания бұған дейін өзінің «Яндекс Go» серверін бізде орналастырған болатын.

Бұндай қорқынышты Гүржістан да бастан кешті, ондағы сервистер голландтық Yandex N.V. компаниясының бақылауында және Еуроодақтың жеке тұлғаның мәліметтерінің қауіпсіздігін сақтау талаптарына толықтай жауап береді деп гүржілерді сабасына түсірерлік жауап берілді.

Yango брендімен фин нарығындағы «Яндекс Go» Финляндия мемлекетінің де бас ауруына айналды. Енді елімізге көшіп келген «Яндекстің» жерсіну мен жерсінбеуі голландтық Ridetech International B.V. орыс барлауын айналып өте білуіне байланысты.

Ең бастысы «Яндекстің» қазақи сипат алып, төл брендімізге қалай айналдыру керектігі ЦДИАӨМ құзырындағы дүние. «Яндекстің» ресейлік және халықаралық текетіресінен бармақ тістей опық жеп, зардап шегіп жүрмесек болды.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5340