Әкімдік шаруалардың шығынын жабу үшін үкіметтің төтенше жағдай резервінен ақша бөлу мәселесі қарастырылып жатқанын айтады.
Суару суының жетіспеуі мен ыстықтың салдарынан биыл шаруалар өнімдерінің 25-30 пайызын жоғалтуы мүмкін. Биыл Жамбыл облысындағы бес ауданда шаруаларға су жетпей, егістерінің жартысы шықпай қалған.
Жамбыл облысында шаруалар пайдаланатын судың 80 пайызы Қырғызстаннан келеді. Қазақстан билігінің айтуынша, биыл Қырғызстаннан келетін су 10 есеге азайған. Ал Қырғызстан тамызда Жамбыл облысына су жіберуді тоқтатқаны белгілі болды.
Себебі Қырғызстандағы Талас өзеніндегі Киров су қоймасындағы судық көлемі былтырмен салыстырғанда 144,8 млн куб метрге азайған. Былтыр бұл көлем 177,28 млн куб метр болған еді.
Abai.kz