Дүйсенбі, 7 Қыркүйек 2026
2906 3 пікір 28 Тамыз, 2023 сағат 11:42

Бүгін Мәскеу әуежайлары жабылды

Мәскеудің Домодедово және Внуково әуежайларының жұмысы уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ресейлік БАҚ-тың мәліметінше, 28 тамыз, дүйсенбіге қараған түні әуежайлар ұшақтарды қабылдауды және жөнелтуді тоқтатты.

"Внуково мен Домодедовода 15-тен рейс кешіктірілді", –  деп жазды  РИА Новости.

Әлеуметтік желілерде аталмыш әуежайларда аспанда белгісіз немесе қауіпті нысандар табылған кезде енгізілетін "Кілем" жоспары жарияланғаны хабарланды.

Естеріңізге сала кетейік, жақында Мәскеуде аптасына бірнеше рет ұшқышсыз ұшу аппараттарына байланысты әуежайлар жабылды. 26 тамызда Мәскеудің барлық әуежайы "Кілем" жоспарының енгізілуіне байланысты  жабылды.

Фото: ашық дереккөзден
Abai.kz
3 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 926
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2392
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 632
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 612