Жексенбі, 20 Қыркүйек 2026
2338 0 пікір 5 Қыркүйек, 2023 сағат 12:22

Ақтөбе облысында тұрғындар газға уланып, ауруханаға түсіп жатыр

4 қыркүйек күні сағат 20.00 шамасында Кеңқияқ, Саркөл, Шұбарши тұрғындарынан газдың өткір иісіне шағымдар түсе бастаған.

Алдын ала анықталғандай, Шұбарши газ тарату станциясының жұмысы толығымен тоқтап қалғаннан кейін, оны жөндеу бойынша жоспарлы ажырату жүргізілген. Газ тоқтатылып, бұрандалы кран ауыстырылғаннан соң талапқа сай, жүйеге өткір иісі бар «одорант» деп аталатын газ жіберілген. Осыдан кейін халықтан шағымдар түскен.

Жергілікті тұрғындардың шағымдары түскеннен кейін «Техногаз» ЖШС мамандары Кеңқияқ, Саркөл ауылдарының тұрғын үйлерін аралап шықты. Нәтижесінде газдың таралу деректері анықталған жоқ. Ал Кеңқияқ ауылының ауруханасына 8 тұрғын газбен улану белгілерімен жүгінді. Қазіргі уақытта барлығына алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Басқа зардап шеккендер жоқ.Осы дерек бойынша экология, СЭС және Төтенше жағдайлар департаменті уақытылы хабардар етілді. Жағдай бақылауда, - делінген хабарламада.

Фото: ғаламтордан

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1338
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2911
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 990
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 921