Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 3416 7 пікір 5 Қыркүйек, 2023 сағат 12:52

Ауыс-түйістердің жалғасы: Ерболат Досаев қызметте қала ма?

Ақорда кадрлық ауыс-түйістерді бүгін де жалғастыруда. Кеше Үкіметтегі тағайындаулардың бірсыпырасын Abai.kz порталында жарияладық. Енді кезек обыс және қала әкімдеріне келген екен. сонымен, бүгін кімдер кресло ауыстырды? Кімдер қызметтен алынды?

Экология министрлігі: Зүлфия кетті, Ерлан келді

Бүгінгі күннің бірінші тағайындауы – әлгінде ғана екіге бөлінген ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінен басталды. Министр лауызымына Ерлан Нұралыұлы Нысанбаев тағайындалды. Бұл қызметті осыған дейін Зүлфия Сүлейменова атқарып келген.

Жасы отыздан енді ғана аттаған (33 жас) Зүлфия Болатқызына бұл қызметке биыл қаңтарда ғана тағайындалған. Тұп-тура 9 ай дегенде министрлік қызметтен алынып отыр. Сүлейменованың атына айтылған сынның ең үлкені – Абай облысындағы орман өртімен байланыстырылады.

Ақмола облысы: Министрліктен әкімдікке...

Онан кейінгі тағайындау Қазақстанның күні кешеге дейінгі Ішкі істер министрі болған Марат Ахметжановқа ойысты. Экс-министр Марат Ахметжанов Ақмола облысына басшы болып тағайындалды.

Марат Ахметжанов 2022 жылдың ақпанында Ішкі істер министрлігін тізгіндеген. Сөзге жүйрік, қазақшаға тілі жатық, Ахметжанов Қазақстанның ұрда-жық полициясына айтарлықтай өзгеріс жасай алған жоқ.

Ал Ақмола облысын Ахметжановқа дейін Ермек Маржикпаев басқарып келген. Ол ҚР Туризм және спорт министрі болып тағайындалды.

Жамбыл облысы: Ауылшаруашылық министрі шаруалардың мәселесін шеше ала ма?

Бүгінгі күннің үшінші тағайындауы – Жамбыл облысында болды. Аймақты Қазақстанның бұрынғы Ауылшаруашылық министрі Ербол Қарашөкеев тізгіндеді. Дәл осы Жамбыл облысының шаруалары биыл егін суының тапшылығын бастан өткеріп, өңірде Төтенше жағдай жарияланған. Қырғызстан Таластан ағатын суды тоқтатып, Жамбылдық шаруалардың еккен егісі қурап қалған еді. Күні кешеге дейін Ауылшаруашылық министрі болған Қарашөкеев Жамбылдық шаруалардың мәселесін шеше ала ма, көре жатармыз.

Ал Жамбыл облысының Қарашөкеевке дейінгі басшысы Нұрлан Нұржігітов ҚР Су ресурстары және ирригация министрі болып тағайындалды.

БАҚ пен саяси қоғамдық орта ауыс-түйіс жасалатын аймақ басшыларының қатарына Ақтөбе облысы мен Шымкент қаласының әкімдерін де жатқызады. Алайда, Ақорда аталған аймақтарға қатысты әзірге үкім-жарлық жариялаған жоқ.

Ал халық отставкасын талап етіп, петиция жариялаған Алматының әкімі Ерболат Досаевқа қатысты қыбыр еткен қимыл байқалмайды.

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5527