Сәрсенбі, 14 Қазан 2026
2522 3 пікір 5 Қыркүйек, 2023 сағат 16:31

Атырауда «Azan» интернет-радиосы ашылды

Атырауда орталық «Иманғали» мешіті жанынан діни, рухани-танымдық бағыттағы «Azan» интернет-радиосы жұмысын бастады.

Aтырау облыстық дін істері басқармасының мемлекеттік тапсырысы аясында ашылған радио ҚМДБ Атырау облысы өкілдігімен бірлесе жұмыс істейді.

Радионың арнайы ашылу салтанатына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы, Бас мүфти кеңесшісі Кенжетай Байкемелұлы және Сараптама бөлімінің меңгерушісі Нұрлан Евфратұлы, зиялы қауым өкілдері мен журналистер қатысты.

Шараны ашқан ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы асыл дініміздің құндылықтарын насихаттап, қоғамға пайдалы ақпараттармен насихаттауда радионың орны зор екенін атап өтті. «Адамға насихат ең бірінші құлақпен есту арқылы жетеді. Сол себепті жаңа істеріңіз берекелі болсын» деп батасын берді.

Атырау облысы дін істері басқармасының бас маманы Қаһарман Рахметұлы дін саласындағы өзекті мәселерді имамдарымыз бен бірлесе отырып шешуде жаңа жобалар жалғасатынын айтты. Ал наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы радионың алғашқы қонағы ретінде сұхбат берді.

 

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 976
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1329