Сәрсенбі, 14 Қазан 2026
2271 0 пікір 6 Қыркүйек, 2023 сағат 11:37

«Шығын көп емес»: Жаңа министрліктерге қаржы бөліне ма?

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев елімізде құрылған жаңа министрліктерге жұмсалатын бюджеттік шығындар туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Министрдің сөзінше, жаңа ведомстволар үшін бөлек орын қарастырылмаған.

«Олар бұрынғы ғимараттарда отыра береді», - дейді ол.

Жамаубаев 5 жаңа министрліктің құрылуы бюджетке салмақ түсірмейтініне сендірді.

«Шығын жағы – мизерлі бөлік. Мүмкін, бюджеттің аз ғана арттырылуы ықтимал. Меніңше, экономика өсімімен жабылады. Бұл министрлікетер не үшін құрылды? Олар өз саласын алға жылжыту үшін! Бізде экономиканың жан-жақты салалары өсімге жылжып барады. Қарқынды ете түсу керек. Біздің міндетіміз – жылына 6-7 пайызға өсу. Сол себепті экономиканың өсімі шыққан шығынды жабады. Шығынның өзі көп емес», - деді Жамаубаев.

Еске салайық, Тоқаевтың жарлығымен Қазақстанда 5 жаңа министрлік құрылды.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 988
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1337