Сейсенбі, 22 Қыркүйек 2026
2231 0 пікір 6 Қыркүйек, 2023 сағат 13:33

«Дикий Арман» мен Қайрат Құдайбергеннің ісі сотқа жетті

Қаңтар оқиғасында жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға қатысы бар деген күдікпен ұсталған Қайрат Құдайберген мен Арман Жұмагелдиевке (Дикий Арман) қатысты қылмыстық іс Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілді.

«Осы жылдың 4 қыркүйегінде қаңтар оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды деген күдікпен ұсталған Қайрат Құдайберген мен Арман Жұмагелдиевке (Дикий Арман) қатысты қылмыстық іс Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілді. Әзірге сот отырысының қай күні басталатыны белгісіз, яғни белгіленген жоқ»,- деп хабарлады Алматы қаласы сотының баспасөз қызметінен.

Еске салайық, былтыр 7 қаңтарда Алматыда полицейлер «Дикий Арман» лақап атымен танымал қылмыс әлемінің беделдісі Арман Жұмагелдиевті ұстаған болатын.

Кейін Бас прокуратура «Дикий Арманың» Ұлттық қауіпсіздік қызметінің тергеу изоляторында отырғанын жеткізді.

Ал Қайрат Құдайбергеннің ұсталғаны туралы 2022 жылдың 22 сәуірінде хабарланды.

Қайрат Құдайберген мен Арман Жұмагелдиевке қаңтар оқиғасы кезінде адам жинауды ұйымдастырды деген айып тағылып отыр.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1365
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2950
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1017
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 956