Жексенбі, 24 Қараша 2024
Әдебиет 2708 55 пікір 8 Қыркүйек, 2023 сағат 15:10

Кімге сенің обалың, Қазақстан Жазушылар Одағы?

Кімге сенің обалың,
Қазақстан Жазушылар Одағы?
Биік-биік сөздер айтып, артынша
Сиіп-тышып кете берген қонағы...

Өлең жазған шамалы
Жұрттың бәрі кім боп өзі барады..?
Қасиеті жоғалған,
Пысықайдың бәрі мүше боп алған,
Бар дүниесі Қазақстандай тоналған
Қайран Жазушылар Одағы!

Жаутаңдатқан қайдағы бір әкімге
Сенің осы бейресми атың не?
Заманында зор боп туып Мамайдай
Қор боп кеткен кәпірге.

Екпінімен ұрандардың сәбеттік
Қайдағы жоқ біреулерді бар еттік,
Нойыстарды нар еттік.
Әдебиет - ар ісі деп мінберден
Айқай салды содан кейін жәлептік.

Абыз көрген өлең жазған ағаны
Неге жаным бүгін сонша жаралы?
Қасиетім деп білген сайын қасірет
жамай берген Жазушылар Одағы...

Кірген бала есігіңнен именіп
Шықты неге аярлықты үйреніп?
Маң-маң басқан маңғаз мырза шетінен
Жатқан кілең іштерінде ит өліп.

Ұмытқандар тобаны
Қайта-қайта қопарғандай моланы...
Түніменен ұйықтай алмай шықтым мен,
Қазақстан Жазушылар Одағы.

Дәурен Берікқажыұлы

Abai.kz

55 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5583