Жексенбі, 20 Қыркүйек 2026
2347 0 пікір 11 Қыркүйек, 2023 сағат 14:17

Мароккодағы жер сілкінісі: 2 мыңнан астам адам қаза тапты

Мароккода жер сілкінісінен кейін екі мыңнан астам адам қайтыс болған. Бұл жөнінде елдің мемлекеттік телеарнасы ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.

Зілзаладан опат болған 2012 адамның аты-жөні анықталған. 2050-ден астам адам жарақаттанған. Елде үш күндік қаралы күн жарияланды.

Reuters агенттігінің мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы – 7,2. Түрлі мәлімет бойынша, эпицентрі Атлас тауында 11 мен 18 шақырым тереңдікте орналасқан. Осының алдында АҚШ-тың геологиялық қызметі жер сілкінісінің магнитудасы 6,8 балл деп мәлімдеген.

Жұма күні түнде болған жер сілкінісін мамандар соңғы жарты ғасырдағы ең қуатты зілзала деп бағалап отыр. Солтүстік Африкада мұндай зілзала өте сирек кездеседі.

Сарапшылардың бағалауынша, қаза болғандар артуы мүмкін, себебі құтқарушылар жолы нашар аудандарға әлі жете алмааған. Марокко королі Мұхаммед VI құтқару жұмыстарына әскерді жұмылдырды. Іздеу-құтқару жұмыстарына тікұшақ, дрондар араласып жатыр.

Марокконың көптеген бөлігінде үйлеріне кіруден қорыққан жұрт жұмадан бері көшеде қонып жатыр. Эпицентр ошағынан шамамен 70 шақырым жерде орналасқан Марракеште бұл құбылыс айқын көрінеді. Кейбірі жер сілкінісі қайталана ма деп қорқатынын айтса, кейбірі үйлерінің қирағанын немесе бүлінгенін айтқан.

Reuters-тің жазуынша, жергілікті тұрғындар мен шетелдіктер арасында танымал Марракештің ескі бөлігінде көп үй қираған. Сенбі күні жұрт сол жақтан түсірілген қираған үйінділердің суретін әлеуметтік желіде жариялап жатты. Дегенмен ол жақта қаладағы танымал мейрамханалар жұмыс істеп тұрды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1342
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2917
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 996
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 927