Жұма, 4 Қыркүйек 2026
2062 0 пікір 18 Қыркүйек, 2023 сағат 14:21

АҚШ Ресейге тағы да санкция салды

Құрама Штаттардың қаржы министрлігі Ресейге салынған санкция тізімін ұлғайтты. Бұл жолы 70 жеке тұлға мен 100 шақты компанияға шектеу енгізілді.

Санкция тізіміне қосылғандар арасында АвтоВАЗ бен "Москвич", авиация мен флот өнімдерін шығаратын "Сатурн", "Союз", "Ақ Барс" Банк және Синко-Банк бар.

«Союздың» бас конструкторы Мкртич Окроян мен оның отбасы мүшелеріне, сонымен бірге Орталық Африка Республикасы президентінің кеңесшісі Виталий Перфильевке де санкция салынды. Перфильев «Вагнер» жекеменшік әскери компанияның ОАР-дағы басты адамы саналады.

Ресей компанияларына электроника сатумен айналысқан шетел компаниялары да тізімге енді.

Қаржы министрлігінің мәліметінше, санкция тізіміндегі заңды тұлғалар Ресейдің қорғаныс-өндіріс кешеніне қатысы бар, ал жеке тұлғалар болса Ресейдің Украинаға қарсы соғысына қолдау көрсетіп, содан пайда тауып жүр.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 773
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2071
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 526
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 500