Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3028 0 пікір 12 Шілде, 2013 сағат 11:08

Қазақ футбол – 100: Майшаммен қарайтын мәселе

Ең негізгі, ең жауапты міндеттері біздің өңірдің иығына артылған Қазақ футболының 100 жылдық мерейтойы жақындап қалды. Алайда торқалы тойға арналып іске асырылады деп жоспарлаған кейбір шаруалар межелі мерзімге дейін тындырылмайтын түрі бар. Солардың бірі –аймақ басшысының жүз алаң салу тапсырмасы.  

Бұлтапсырма облыстық туризм, денешынықтыру және спорт, білім басқармаларының басшыларына, аудан-қалалардың әкімдеріне осыдан бір жыл бұрын жүктелген-ді. Содан бері облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ салаға қатысты өткізілген барлық жиындарда қазақ футболының ғасыр тойына әзірлік барысын, оның ішінде аймақта жүз жасанды шағын футбол алаңын салу мәселесін қадағалап, сұрап, тиісті міндеттер жүктеуді қаперден шығарған емес. Жүз алаң идеясын жүзеге асыруға республикалық, облыстық, аудандық бюджеттерден және демеуші кәсіпкерлерден қомақты қаражат бөлінген. Нақты санға жүгінсек, аталған мақсатқа бағытталған жалпы ақшаның көлемі 481,6 млн. теңгені құрайды, мұның 106,1 млн. теңгесі демеушілердің меншікті қаржысы. Сол секілді республикалық қазынадан – 127,9 мың теңге, облыстық бюджеттен – 90,1 мың теңге, жергілікті бюджеттен – 157,5 мың теңге қарастырылған.

– Бұған қоса атаулы мерекеге орай облысымызда ескірген 3 футбол алаңын қайта қалпына келтіру жұмыстарына шамамен 157 млн. теңге (облыстық – 122,0 млн, аудандық – 5 млн, демеушілер көмегі – 30 млн. теңге) қаражат бөлінді. Осы қаржыға жөндеу жұмыстары жүргізілуде, - деп нақтылаған облыстық туризм, денешынықтыру және спорт басқармасы жалпы спорт бөлімінің маманы Бектас Серіков кейбір аудандар мен қалалар өздерінде салынуы тиіс жасанды алаңдар жөнінде мәліметтерді бермей отырғанын алға тартты.         

Оның айтуынша, бүгінгі күні Катонқарағай ауданында екі, Зайсан ауданында бір жасанды төсеніш төселген шағын футбол алаңы салынып, қолданысқа беріліпті. Қалған аудан-қалалардан сыбыс жоқ.

Ол - рас. Басқа елді мекендер былай тұрыпты, облыстың орталығы – Өскеменнің өзінде бой көтеруі тиіс алты алаңның бір де біреуі іске қосылған жоқ. Іске қосылмады дейміз-ау, осы алтауына арнап қала ішінен бөлініп берілген жерлерді әдейі аралап көргенде көз жеткізгеніміз мынау – арамшөп басқан алаңқайда бес-алты бала доп теуіп жүр. Басқа дым да жоқ. Әлгі қағаз жүзіндегі (жоспардағы) әдемі футбол алаңдарынан белгі де байқалмайды. Мәселен, өскемендік жауапты орындардың берген деректеріне сенсек, облыс орталығында биыл жазда Славский атындағы жағалау, 60, Қазақстан көшесі, 70, Д. Бедного көшесі, 26, Согринская көшесі, 138 а, Западный көшесі, 14, Воронина көшесі, 34 мекенжайларында жасанды шағын футбол алаңдары тұрғызылуы тиіс еді. Өкінішке қарай, көрсетілген мекенжайларды аралаған кезде жасыл алаңда мәз болып, доп теуіп, жүгіріп жүрген балаларды көре алмадық. Егер Өскемендегі жағдай осындай болса, басқа қалалар мен аудандар туралы жақ ашпай-ақ қояйық. Соған қарағанда бір-екі айдан соң аталып өтетін қазақ футболының жүз жылдық мерейтойына дейін Шығыста жүз футбол алаңы толықтай жеткіншектердің игілігіне берілетініне сену қиын. Осыдан соң қазақ аяқ добының көші қалай кері кетпейді?!

Айтпасқа амал жоқ тағы бір жайт, Өскемендегі жұмыс істеп тұрған шағын футбол алаңдарының көпшілігі қаңырап бос тұр. Мектептердің балансына берілсе де қараусыз қалған алаңдардың не жарығы жанбайды, не іші қоқысқа толып, қоршауы қирап жатады. Бір ғана мысал, Өскемен вокзалы маңындағы Сигнал дүкенінің артында орналасқан шағын футбол алаңының жарығы қыстыгүні жанады да, жаз шықса болды қас қылғандай сөніп тұрады. Бұдан кейін ол жерлерге кім барсын?..

Шығыс Қазақстан облысы футбол қауымдастығының кезекті бір жиынында аймақ басшысы Бердібек САПАРБАЕВ: – Футбол командасы әрбір ауылда болуы керек. Ол үшін ең алдымен доп ойнайтын алаңдарды ашқан дұрыс. Сонда ғана бір нәтижеге қол жеткіземіз. Биылғы Қазақстан футболының ғасыр тойына арнап облыста жүз жасанды футбол алаңын іске қоссақ, ол, ең әуелі, бұқаралық спортты дамытуға, балалар мен жасөспірімдерді салауатты өмір салтына баулуға ықпалын тигізеді. Сондықтан бұл міндетті іске асыруды аудандар мен қалалардың әкімдеріне, тиісті басқармалар басшыларына жүктеймін, – деп қадап тұрып айтқан.   

Әзірге Катонқарағай мен Зайсан аудандарынан басқа ешбір елді мекенде жаңадан футбол алаңы ашылды деген ақпаратты кездестірмедік. Қазақ футболының отаны саналатын Семейдің өзінде салынуы жоспарланған он жасанды алаңның бір де біреуінде теңбіл допты теуіп жүргендердің қарасын көре алмайсыз. Абырой болғанда, шаһардағы «Спартак» стадионына 526 млн. теңге қаржыға жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстары қазіргі уақытта біраз еңсеріліп қалды. Семей қалалық спорт және денешынықтыру бөлімінің бастығы Мұрат Құржықаевтың айтуынша, жылу желілері, электр энергиясы, жарығы толығымен қалпына келтірілмек. Алаңға электронды табло мен жарық шамдар орнатылады. Жөндеу жұмыстары 20 мамырдан басталған. Тамыздың онына қарай, яғни, мерейтой басталар алдында тәмамдалмақ.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5354