Жексенбі, 24 Қараша 2024
1383 1 пікір 19 Қыркүйек, 2023 сағат 13:32

Гаагада Ресейге қатысты сот басталды

БҰҰ-ның Гаагадағы халықаралық соты 18-27 қыркүйек аралығында Украинаның геноцид туралы Ресейге қарсы шағымын алдын ала сот тыңдауында қарайды.

Киев Украинаға шабуыл жасаған Ресейді геноцид қылмыстарын болдырмау жөніндегі халықаралық конвенцияны ережелерін бұзды деп есептейді.

Украина бұл арызды 2022 жылғы 27 ақпанда, Ресей басқыншылығынан үш күннен кейін халықаралық сотқа өткізген. Бұның алдында сот Украина шағымына 32 ел – барлық дерлік еуропалық елдер, сонымен бірге Канада, Австралия және Жаңа Зеландия - қосыла алатынын мәлімдеген.

Соттың алдын ала тыңдауында Ресей жағы істі БҰҰ-ның халықаралық сотында қаралуына жол бермеуге тырысады. "Киев шағымы арнайы әскери операцияның БҰҰ жарғысына қаншалықты қайшы екеніне, сонымен бірге ДХР мен ЛХР мәртебесіне қатысы. Бұл мәселелерге аталған конвенцияның ешқандай қатысы жоқ» деп мәлімдеген бұның алдында Ресей СІМ.

Украин жағы болса Ресейдің Украинаға қарсы әрекетінде геноцид нышандары бар деп есептейді. Киев Украинадағы балаларды күштеп әкетіп жатқанын соның бір дәлелі ретінде келтіреді.

БҰҰ соты істі сотта қарау керек деп есептесе, онда сот процесі келесі жылы басталып, бірнеше жылға созылуы мүмкін.

Дереккөзі: centralasian.org

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5608