Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3366 0 пікір 10 Шілде, 2013 сағат 12:36

Өскемен: Әлемнің үздік эндоскопия хирургтері бас қосты

Өскеменде Қазақстан эндоскопия хирургтері қауымдастығының екі күнге созылған ІІІ конгресі аяқталды. Алтын қолды дәрігер-хирургтердің жиынына облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ арнайы қатысты.

Айта кетейік, облыс орталығында осы конгресс алдында, яғни, маусымның 24-і мен шілденің 3-і аралығында қазақстандық және шетелдік эндохирургия саласының мамандары қаладағы  облыстық, №1 қалалық ауруханаларында және ана мен бала орталығында хирургиялық шеберлік сыныптарын өткізіп, 50-ден аса ота жасаған болатын. Алтын қолды дәрігер-хирургтердің жиынына облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ арнайы қатысты.

Бұл жолы Ертіс пен Үлбінің сағасындағы Өскеменге  өз еліміздің белгілі эндоскопист-дәрігерлерімен қатар Үндістан, Ресей, Украина, Грузия, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан елдерінің де ғалым-мамандары келді.

Өскеменде Қазақстан эндоскопия хирургтері қауымдастығының екі күнге созылған ІІІ конгресі аяқталды. Алтын қолды дәрігер-хирургтердің жиынына облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ арнайы қатысты.

Айта кетейік, облыс орталығында осы конгресс алдында, яғни, маусымның 24-і мен шілденің 3-і аралығында қазақстандық және шетелдік эндохирургия саласының мамандары қаладағы  облыстық, №1 қалалық ауруханаларында және ана мен бала орталығында хирургиялық шеберлік сыныптарын өткізіп, 50-ден аса ота жасаған болатын. Алтын қолды дәрігер-хирургтердің жиынына облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ арнайы қатысты.

Бұл жолы Ертіс пен Үлбінің сағасындағы Өскеменге  өз еліміздің белгілі эндоскопист-дәрігерлерімен қатар Үндістан, Ресей, Украина, Грузия, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан елдерінің де ғалым-мамандары келді.

- Құрметті делегаттар! Біздің облысымызға хош келдіңіздер. Мен барлық жерлестерімнің атынан министрлікке, қауымдастыққа көп рахмет айтамын. Өздеріңіз өте жақсы білесіздер, әрбір мемлекеттің дамуы мен болашағы дені сау және білімді азаматтарына байланысты. Сол себептен де аймағымыздың денсаулық саласын заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге бөлінетін қаражат жыл өткен сайын 12-13 пайызға көбейе түсуде. Бұл салада бүгінде 20 мыңға тарта маман еңбек етіп келеді. Олардың орташа айлық жалақылары 90 мың теңгенің айналасында. Біз әр жыл сайын дәрігер мамандығын алған жастарды тұрғын үймен, арнайы тағайындалған көтермеақымен қамтамасыз етуді дәстүрге айналдырып отырмыз. Ал дәрігерлердің біліктілігін арттыру мақсатында Кореямен, Израйльмен, Ресеймен және басқа да озық мемлекеттермен тығыз байланыс орнатылып, тәжірибе алмасылуы облыс тұрғындарының денсаулығының жақсаруына бірден-бір көмек болып отыр, - деп атап өткен облыс басшысы осындай әріптестіктің нәтижесінде соңғы жылдары ана мен бала өлімі және туберкулез дертінен көз жұматындар саны біршама азайғанын жеткізді.

Бұдан әрі конгресс өткен Орталық мәдениет үйінің төменгі қабатындағы эндокринологиялық хирургия саласының заманауи жетістіктері жайып салынған көрме туралы сөз сабақтаған Бердібек САПАРБАЕВ:

- Біздің өңірде көптеген денсаулық нысандары салынып жатыр. Облыс тұрғындарын тек емдеп қана қоймай, олардың денсаулығын профилактикалық тексеру, сөйтіп, көптеген аурудың алдын алу үшін біз оларды жаңа технологиялармен қамтылған құрал-жабдықтармен жабдықтайтын боламыз, - деп нақтылай баяндап өтті.

Көпшілікке түсінікті болу үшін айта кетейік, эндоскопиялық хирургия дегеніміз – тесу арқылы кез келген күрделі ота жасауға болатын қазіргі заманғы хирургия. Мысалы, ішті немесе кеуде қабырғасын тесіп, ол қуысқа арнайы газ жіберіп, сол тесік арқылы аспаппен ота жасау. Нақ сол кезде ота жасалынып жатқан адамның жабық денесінің көрінісі жұқа түтікті эндоскоп арқылы арнайы мониторда көрініп тұрады.

Соңғы жиырма жыл көлемінде медицина қарқынды дамып, бұл тәсіл кеңінен қолданылуда. Ол оталар пациенттің денесінде ешқандай да тыртық немесе із қалдырмайтынымен өміршең болып отыр.

- Бұл жаңа технология ерекше білім мен біліктілікті қажет етеді. Сондықтан ондай оталар жасауды, тренингтер мен  дәрістер өткізуді Қазақстандағы мықты мамандар – Астана медицина университетінің үздіксіз кәсіби дамыту және қосымша білім беру факультеті эндохирургия кафедрасының қызметкерлері және шетелдік мамандар мықтап қолға алғаны сүйінішті. Аталған өміршең шараның Өскеменде өтуіне мұрындық болған облыс Әкіміне ерекше риза болып жатырмыз, - дейді конгреске қатысушы ақтөбелік А.Костюк.

- Мұндай үлкен жиындар осымен үшінші мәрте өтіп отыр. Бұрындары Астана мен Ақтауда өткен-ді. Бұл шаралар Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ  арнайы Жарлығымен 2010 жылғы 29 қарашадағы №1113 «2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасына» сай өткізіліп келеді. Мұның барлығы қазақстандықтардың денсаулығын жақсартуға, тұрақты әлеуметтік-демографиялық дамуға және дәрігерлердің кәсіби деңгейін арттыруға септігін тигізетіні белгілі. Жалпы, осы бір апта ішінде байқағаным, Өскеменде білікті хирургтар баршылық екен. Мені әсіресе, олардың заманауи тұрғыдағы пайым-түсініктері қызықтырды. Эндоскопия – мамандық емес, медициналық, нақтырақ айтсақ, хирургиялық тәсіл, - дейді Қазақстан эндоскопия хирургтары қауымдастығының президенті, медицина ғылымдарының докторы, профессор Орал Оспанов.

Шеберлік сыныптары жоғарыда атап өткеніміздей, Өскеменнің үш клиникасында, атап айтқанда, облыстық ауруханада аймақтағы хирургтар үшін жаңа лапароскопиялық және тораскопиялық оталар жасалса, №1 қалалық ауруханада урологтар үшін лапароскопиялық простатэктомия, ал ана мен бала орталығында балалар хирургтары мен гинекологтар үшін жаңа миниинвизивті технология бойынша ота жасау тәсілдері  көрсетілді. Бұлайша оқыту белгілі астаналық және шетелдік мамандардан дәріс алуға қаржылай немесе басқа да себептермен жағдайы келе бермейтін шығысқазақстандық дәрігерлер қауымына ерекше көмек болғаны сөзсіз.

Сонымен қатар, Өскемендегі бұл конгреске арнайы қатысып, білімдерін шыңдауға республикамыздың басқа да өңірлерінің  бірталай дәрігерлері өтініш жасаған көрінеді. Конгреске қатысушылар сондықтан оқытып қана қоймай, ота жасап жатқан дәрігерлердің біліктілігі екі жақты аудио-бейне байланыс арқылы да көрсетілгені ерекше тиімді болғанын айтады. Ол Астана медицина университетінің ректоры, профессор М.Шайдаровтың бастамасымен және Денсаулық сақтау министрлігінің құптауымен ұлттық медициналық желі бойынша Қазақстанның көптеген емдеу мекемелерінде көрсетілген екен.

- Мұндай іс-шарадан күтілетін нәтиже – тек Шығыс Қазақстан облысында ғана емес, одан тыс аумақтарда да жаңа, тиімділігі жоғары шағынинвазивті технологиялардың трансферті.  Біз осы конгресте медицина саласына арналған құрылғылар мен аспаптар жасайтын көптеген белгілі компаниялардың эндохирургияға арналған заманауи құрал-жабдықтарын көрсете алғанымызға қуанып тұрмыз, - деді біз жиын басталар алдында сөзге тартқан «Юмгистор Холдинг» компаниясының президенті Гүлнара Күрпенова. – Ең бастысы, біздің компания «Олимпус» компаниясымен бірлесіп, жаңа жапондық құрылғыларды көрмеде ғана емес, хирургиялық эндоскопиялық шеберлік сыныптарында да көрсетті.

«Юмгистор Холдинг» компаниясы Өскемендегі конгрестің бас демеушісі де екен.

Конгреске Үнді шағынинвазивті хирургтер қауымдастығының негізін қалаушы және алғашқы президенті  Чиннусами Паланивелу, Украина азинвазивті және лазерлі технологиялар қауымдастығының вице-президенті Владимир Грубник, Ресейдегі жаңа технологиялар орталығының басшысы  Игорь Федоров, Қырғызстан ұлттық хирургия орталығы директорының орынбасары, профессор Эрнис Тилеков, Омбы мемлекеттік медицина академиясының проректоры Владимир Полуэктов  және ТМД елдеріне танымал  ғылым докторы-уролог  Давид Николейшвили  (Грузия) қатысқанының өзі бұл жиынның аса салиқалы да жемісті болғанын көрсетсе керек.

Шараның ең салтанатты  сәті эндоскопиялық хирургия саласында білгірліктерімен танылғандарға қауымдастықтың алтын медалін тапсыру кезеңі болған еді. Ондай жоғары дәрежеге салада өзекті де заманауи технологияларды пайдалана отырып, үлкен жетістікке қол жеткізген үндістандық ғалым Чиннусами Паланивелу, украиндық Владимир Грубник, омбылық Владимир Полуэктов, Сызғанов институтының ғалым-хирургі Манас Сейсембаев, еліміздің бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев және басқалар лайықты деп табылыпты. Ең сүйініштісі, қауымдастықтың әркімге бұйыра бермейтін алтын медаліне біздің облысымыздың атақты хирургі Әскертай Түселбаевтың лайық деп табылуы болды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5351