Жексенбі, 24 Қараша 2024
1494 1 пікір 22 Қыркүйек, 2023 сағат 14:48

Карантин: Абай облысы тұрғыны сібір жарасын жұқтырмаған болып шықты

Абай облысы Бесқарағай ауданындағы төтенше жағдай жарияланған Жетіжар ауылының тұрғынынан сібір жарасы анықталған жоқ. 

Облыс әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, ауыл тұрғыны тапсырған ПТР нәтижесінде сібір жарасы анықталмаған.

«Қазіргі таңда Бесқарағай ауданы Жетіжар ауылының тұрғыны ем қабылдауын жалғастырып жатыр. Науқастың жағдайы тұрақты, дене қызуы қалыпты», - делінген ақпаратта.

Жетіжар ауылында міндетті түрде термометрия жүргізіліп, күн сайын барлық мал басы клиникалық түрде тексеріліп жатыр. Бүгінде төрт түліктен ешқандай ауру анықталған жоқ.

«Бесқарағай-вет» мемлекеттік кәсіпорнының мамандары залалсыздандыру жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Еске салсақ, осыған дейін Абай облысындағы бір ауылда төтенше жағдай жарияланған еді.

Жетіжар ауылының тұрғыны сібір жарасы ауруына шалдыққан деген күдікке ілінген.

Ауылдың кіре берісіне санитарлық бекет орнатылып, ауылдан ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаруға уақытша шектеу қойылды.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5576