Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Жаңалықтар 3659 0 пікір 25 Шілде, 2013 сағат 10:48

Түнгі жәрмеңке көпшіліктің көңілінен шығып отыр

Өскеменде екінші рет түнгі жәрмеңке өтті. Бұл шара жаз соңына дейін жалғасады деп жоспарланып отыр.

Металлургтер мәдениет сарайының алдына жиналған жұртқа ауыл шаруашылық өнімдерімен қоса әдеттегідей арнайы әзірлеп әкелінген концерттік бағдарламалар да ұсынылды.

Түнгі жәрмеңкенің мақсаты – тек қана өнімдерді өткізу емес, адамдардың көңілін көтеру, бір-бірімен сөйлесіп, күнделікті күйбең өмірден бір уақыт болса да демалуға септесу деген Өскемен қалалық кәсіпкерлік бөлім бастығының орынбасары Бауыржан Нұрғазин:

-  Жеке кәсіпкерлеріміз Оңтүстіктен делдалсыз 6 тонна сәбіз, 30 тонна картоп, жеміс-жидектер әкеп төмен бағамен сатып жатыр. Біздің Шығыс бүгінде еліміздегі 14облыстың ішіндегі өнім бағасы ең қымбат өңірдің бірі. Демек мұндай жәрмеңкелерді жиі ұйымдастыру арқылы біз қаладағы азық-түлік бағасын тұрақтандыра аламыз, - деді

Түнгі жәрмеңке белгіленген уақыты жағынан да көпшілікке қолайлы болып отыр. Күндіз, әсіресе жазғы маусымда саяжайдағы бау-бақшасына қарап немесе басқа да үй шаруаларын тындырып алған тұрғындар ымырт үйіріле Металлургтер мәдениет сарайының алдына келіп өздеріне қажетті тауарларды сатып алады.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1530
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3311
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5972