Жексенбі, 24 Қараша 2024
Билік 2589 2 пікір 26 Қыркүйек, 2023 сағат 15:41

Ақорданың бүгінгі ауыс-түйісі...

Бүгін Ақордада ауыс-түйіс болды. Сонымен:

Бұрынғы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Сенат депутаты болып тағайындалды.

Биылғы жаңа кадрлар тағайындау кезінде Қыдырәліның орнына президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары болған Аида Балаева келді. Ведомство мәдениет және ақпарат министрлігі болып қайта құрылды.

Дархан Қыдырәлі бұған дейін Халықаралық Түркі академиясының президенті, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы болып қызметтер атқарған. «Аманат» партиясы (бұрынғы «Нұр Отан») саяси кеңесі бюросының мүшесі.

Сонымен бірге, Парламент Сенатының депутаты Асқар Шәкіровтің өкілеттілігі тоқтатылды. Ол көп жылдар Сыртқы Істер министрлігінде жұмыс істеді. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, Сенат Төрағасының орынбасары, Сенат депутаты болып қызмет атқарды.

Ал Ғабидолла Оспанқұлов ҚР Президенті аппараты басшысының бірінші орынбасарлығына тағайындалды.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5560