Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 6328 0 пікір 31 Шілде, 2013 сағат 12:25

Парижде өткен құрылтай: «Егемен Қазақстан» газетіне ашық хат

Қонағын сыйлаған үй қашаннан бері «жаман» болған еді?

 

Редакциядан: Төмендегі хат негізінен «Егемен Қазақстан» газетіне, газеттің бас редакторы Жанболат Ауыпбаевтың атына арналған екен (Еуропадағы бауырларымыз Жанболат Алиханұлының қызмет лауазымын нақты білмейтін болса керек, "журналист" деп жазыпты). Алайда, қандайда бір себеппен ашық хат аталған газетте жарық көрмей жатқанға ұқсайды. Бұл тақырыптағы  әңгіме шамалауымзша,  Жанболат Ауыпбаев мырзаның көрген-түйгенінде емес, "Еуропа қазақтарының кіші құрылтайын өткіздім" деп екпіні үй жығардай болып оралған Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев мырзаға қатысты болса керек. Соны меңзегендей Еуропадан келген хатта: "Жоғарыда атап өтілгеніндей, құрылтайдың жүгі өте ауыр. Оған жан-жақты дайындық, іс бірлігі, ынтымақтастық, қаржы және еңбек керек. Көппен көтерілетін жүк. Ол 3 күнге қонаққа келген делегация басқарып, атқарып кететін шаруа емес" деген жолдар бар. Ашық хат түпнұсқадан көшірілді.

 

Abai.kz   

 

Қонағын сыйлаған үй қашаннан бері «жаман» болған еді?

 

Редакциядан: Төмендегі хат негізінен «Егемен Қазақстан» газетіне, газеттің бас редакторы Жанболат Ауыпбаевтың атына арналған екен (Еуропадағы бауырларымыз Жанболат Алиханұлының қызмет лауазымын нақты білмейтін болса керек, "журналист" деп жазыпты). Алайда, қандайда бір себеппен ашық хат аталған газетте жарық көрмей жатқанға ұқсайды. Бұл тақырыптағы  әңгіме шамалауымзша,  Жанболат Ауыпбаев мырзаның көрген-түйгенінде емес, "Еуропа қазақтарының кіші құрылтайын өткіздім" деп екпіні үй жығардай болып оралған Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев мырзаға қатысты болса керек. Соны меңзегендей Еуропадан келген хатта: "Жоғарыда атап өтілгеніндей, құрылтайдың жүгі өте ауыр. Оған жан-жақты дайындық, іс бірлігі, ынтымақтастық, қаржы және еңбек керек. Көппен көтерілетін жүк. Ол 3 күнге қонаққа келген делегация басқарып, атқарып кететін шаруа емес" деген жолдар бар. Ашық хат түпнұсқадан көшірілді.

 

Abai.kz   

 

«Егемен Қазақстан» газетінің 05.06.2013 күнгі санында журналист Жанболат Алиханұлы Ауыпбаевтың «Қазақ қайда жүрсе де қазақ» деген тақырып астында 2013 жылдың 17-19 мамыр аралығында Францияның астанасы Парижде өткен Еуропа қазақтары құрылтайына арналған мақаласы жарияланды. Ауыпбаев сол мақаласында Парижде өткен Еуропа қазақтары құрылайтының негізгі ұйымдастырушысы, басқарушысы етіп, құрылтайға құтты қонақ болып қатысқан Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының делегациясын ғана көрсетеді. Ал осы құрылтайды ұйымдастырып, оның ойдағыдай өтуі үшін айлар бойы күн-түнімен еңбек етіп, бар күш-жігерін жұмсаған Еуропа қазақ диаспорасымен Еуропадағы қазақ қоғамдарының еңбектерін тіпті де ескермейді. Ескергісі келмейді. Онысымен де қоймай Еуропадағы қазақ диаспорасының басын қосқан орталығы «Еуропа қазақ қоғамдары федерациясының» (FEKA) атын өзгертіп, өзінше оған жанама ат қойып, айдар тағады. Сондықтан Ауыпбаевтың бұл мақаласы Еуропадағы қазақ диаспорасы өлкідері және Еуропадағы қазақ қоғамдары тарапынан реніш және наразылықпен қарсы алынды. Парижде өткен құрылтай туралы Ауыпбаевтың мақаласында өзгертіліп, бұрмаланып жортаға теріс баяндалған жайларды төменде түзетіп, дұрыстап, жұртшылық назарына қайта ұсынуды жөн көріп отырмыз:

  • Ауыпбаевтың аталған мақаласында: «... қонақ үйге келіп орналасқан соң делегация бастығы Талғат Мамашев Еуропа қазақтары мәдени орталығының басшыларын жинап, кеңес өткізді. Әңгіме тақырыбы алдағы күш күн ішінде атқарылар шаралар еді» дей келіп, құрылтайды бастан-аяқ ұйымдастырып атқаруды да, басқаруды да Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының бірінші орынбасары Талғат Мамашев пен ол бастап келген делегацияның еншісіне береді. Ауыпбаевқа қарасақ, Еуропадағы қазақтардың құрылтай бойынша бар тындырғаны тек футбол турнирін ғана ұйымдастырып, басқаруы болған екен. Бірақ шындық Ауыпбаевтың бұл жазғандарына мүлдем керісінше.

«Еуропа қазақтары мәдени орталығының басшыларымен өтті» деп Ауыпбаев айтқан кеңес еш уақытта болған емес. Бар болғаны: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы делегациясы 17.05.2013 күні Париж қаласына келіп түсті. Сол күні кешке Франция қазақ мәдениет қоғамы қауымдастық делегациясына қонақасы берді. Ол қонақасыға Еуропадағы қазақ қоғамдары басшыларының бір талайы қатыса алмады. Қонақасыда құрылтайдың барысы туралы тіпті де әңгіме болмады. Өйткені Франция қазақ мәдениет қоғамы Парижде өткен Еуропа қазақ құрылтайының бағдарламасын бұрыннан дайындап, жариялап қойған. Бағдарламаның дайындалуы, құрылтай аясында өтетін шаралар туралы Еуропа қазақ қоғамдары федерациясы(FEKА) Франция қазақ мәдениет қоғамымен бірге істесіп, ынтымақтасып тұрған. Сондықтан қауымдастық делегациясы қонаққа келгенде, Франция қазақ мәдениет қоғамы құрылтайға сақадай сай дайын болып отырған.

Расында да Парижде өткен биылғы Еуропа қазақ құрылтайының негізгі ұйымдастырушысы, барлық тауқыметті көтерген, күні-түні жүгіріп, еңбектеніп, бар күш-жігерін жұмсаған – Франция қазақ мәдениет қоғамы, сол қоғамның мүшелері және Францияда тұратын қазақтар. Ал Еуропа қазақ қоғамдары федерациясы мен оның құрамындағы басқа қоғамдар да құрылтайдың ойдағыдай өтуі үшін Франция қазақ мәдениет қоғамымен бірге істесіп, оған рухани қолдау көрсетіп отырған. 2 мыңдай адам қатысқан Париждегі құрылтайға Франция қазақ қоғамы 1 жыл бойы дайындалған. Париж сияқты ірі қалада қонақтар тоқтайтын қонақ үйлерді, футбол турнирі өтетін жерді, гала концерт залын бір ауданнан тауып ыңғайға келтірудің өзі қиын шаруа. Құрылтай аясында келген қонақтарға қонақасы беру, футбол турнирі, концерт және басқада шаралар өтетін орындарды жалдау әрі еңбек, әрі қаржы талап ететін істер. Сондықтан Франциядағы қазақтар құрылтайдың ойдағыдай өтуі үшін күндіз-түні еңбек етіп қана қоймай, жетпеген жерінде өзара қалталарынан қаржы да жинады. Өйткені Еуропадағы қазақ құрылтайының шығыны кем дегенде 35-40 мың еуро шамасында болады. Демек, құрылтай көпшіліктің еңбегі, Еуропадағы қазақ қоғамдарының еңбегі. Оларды қонаққа келген делегация ұйымдастырады, басқарады деу, көпірме, бекер сөз.

Бір ескерерлік жай, құрылтайды ұйымдастыру дегенің басқа, құрылтайға үлес қосу деген басқа ұғым. Міне осы тұрғыдан Парижде өткен Еуропа қазақтары құрылтайына Дүниежүзі қазақтыр қауымдастығы да өзіндік үлесін қосты. Мұны ешкім жоққа шығармайды. Қауымдастық құрылтай аясында Қазақстаннан әртістер әкеліп, концерт бергізді және құрылтайға қолдау көрсетіп, құрылтайдан кейін Франция қазақ қоғамына «Самұрық-қазына» әл-ауқат қоры атынан 7000 еуро берді. Осы орайда, қауымдастықтың 2012 жылы Данияда өткен Еуропа қазақтары құрылтайы кезінде тағы «Самұрық-қазына» әл-ауқат қоры атынан Дания қазақ қоғамына 7500 еуро бергенін де атап өткен абзал. Мәлім болуынша, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2011 жылы Астанада өткен «IV дүниежүзі қазақтары құрылтайы» кезінде, «Самұрық-қазына» әл-ауқат қорына шетелдегі қазақтардың кіші құрылтайына қолдау көрсету міндетін тапсырған болатын. Міне қауымдастықтың соңғы екі жылда Еуропадағы қазақ құрылтайына «Самұрық-қазына» әл-ауқат қоры атынан аталған көлемдегі ақшалай жәрдемді беруі – Елбасының талабы. Құрылтайға көрсеткен осы қолдауы үшін біз қауымдастыққа және «Самұрық-қазынаға» жеке де, жұртшылық алдында да алғысымызды білдірген болатынбыз. Әр нәрсенің шындығы керек.

Жоғарыда атап өтілгеніндей, құрылтайдың жүгі өте ауыр. Оған жан-жақты дайындық, іс бірлігі, ынтымақтастық, қаржы және еңбек керек. Көппен көтерілетін жүк. Ол 3 күнге қонаққа келген делегация басқарып, атқарып кететін шаруа емес. Мұны естен шығармаған жөн. Сондықтан Ауыпбаевтың қандай мақсаттармен болса да, бізді құрылтайға орай сыйлаған құтты қонақтарымызға билетіп, бар жақсылықты олардың ұпайына жазып, өзімізді «жаман үй» етуінің тіпті де қисыны жоқ, әрі оған рұқсат етпейміз де.

  • Ауыпбаев аталған мақалсында: Еуропа қазақ қоғамдары федерациясының(FEKA) атын өзгертіп, «Еуропадағы қазақ мәдени орталықтары үйлестіру кеңесі» деп бұрмалап жазады. Бұл арқылы ол әлдекімдердің нұсқауымен Еуропа қазақ қоғамдары федерациясын есепке алғысы, тіпті оны көзге де ілгісі келмегендей сыңай байқатады. Ауыпбаевтың, Еуропа қазақ қоғамдары федерациясының атын тергеп, оған жанынан шығарып, жанама қойуы, әрине тегіннен тегін болған кездейсоқ іс еместігі анық. Бұл Еуропадағы қазақтардың бас қосып, күшін, еңбегін біріктіріп, өзара ынтымақтасып, елдің бірлігін сақтап, «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруын» қаламайтын, оны өзінің мүддесіне жарамсыз деп санайтындардың нұсқауымен істелген іс деп қабылдаймыз. Сондықтан ондайлар Еуропа қазақ қоғамдары федерациясы деген атқа да төзе алмай, сол атты өшіру үшін осындай қитұрқы істерге барып отыр деп есептейміз. Ал Алманияның Мюнхен қаласында 01.07.2009 күні жергілікті сот жағынан тіркелген Еуропа қазақ қоғамдары федарациясының негізі аты «Federation of European Kazakh Associations» деп ағылшын тілінде аталады. Федерацияның қысқартылған атауы – «FEKA». Бұлардың екеуі де федерация жарғысында көрсетіледі. Әрі олар сот жағынан да ресми түрде бекітілген. 2009 жылы құрылған федерация барлық іс-шараларын «FEKA» деген атпен атқарып келеді. Қазақстан баспасөзі де, халықаралық бұқаралық ақпарат құралдары да федерацияны осы атауымен атайды. Бұл фактіні таптап, федерацияның атын өрескел түрде бұрмалап, өзгертіп оған қайдағы бір теңеулер тауып жазған Ауыпбаев сияқты журналистке жол болсын десек те, оның бұл қылығының жұмбақ еместігін жоғарыда келтірдік.
  • Ауыпбаев Париждегі Еуропа қазақ құрылтайы аясында дөңгелек үстел шарасы туралы да шындықты жазбаған. Дөңгелек үстелді де қауымдастық делегациясы ұйымдастырып, басқарды деген бұрмаланған, өзгертілген қоспа мәліметтер берген. Іс жүзінде сол дөңгелек үстелді ұйымдастырған да басқарған да «FEKA» мен Франция қазақ мәдениет қоғамы. Қауымдастықтың делегациясы дөңгелек үстелге сыйлы қонақ ретінде қатысып, өздері дайындалып келген тақырыптар бойынша сөз сөйлеген. Ауыпбаев дөңгелек үстелге орай тағы жалыз Қауымдастықтың делегация мүшелерінің ғана айтқандарын келтіріп, Еуропадағы қазақ қоғамдары басшыларының, өкілдерінің ортаға салған ой-пікірлері, талап-тілектері туралы жұмған ауызын ашпай, оларды бүркемелеп баққан. Ол қайта-қайта Еуропа қазақ қоғамдары басшылары футбол турнирі және оның қортындылары туралы ананы айтты, мынаны айтты деп болмағанды болғандай етіп көрсетіп, қайдағы бір негізсіз ұсақ нәрселерді көлденең тарта берген.

Әрине, футбол турнирі Еуропа қазақ қоғамдарының құрылтай аясында жастар үшін ұйымдастырған басты шараларының бірі. Бірақ олардың, Еуропадағы қазақ диаспорасының тағдырына байланысты айтар сөзі, бөлісер ой-пікірлері бар еді. Ал әңгімеге арқау етілген дөңгелек үстелде, «FEKA» және Еуропадағы қазақ қоғам басшыларының қазақ диаспорасы қатарындағы бірлік-берекенің, ынтымақтың, ұлттық мәдениет және құндықытардың, салт-дәстүрдің, ана тілін сақтап, дамытуға орай айтқан ой-ұсыныстарын Ауыпбаев тіпті де елеп-ескермеген. «FEKA» және Еуропадағы қазақ қоғамдары өкілдерінің әлем бойынша қазақ диаспорасы жастарының басын қосып, ынтымағын нығайту үшін Еуропаның бір қаласында Дүниежүзілік қазақ диаспорасы І жастар конференциясын бірге ұйымдастырайық деген сияқты кесек ұсыныстарын ол бүтіндей атаусыз қалдырған. Мұны бейтарап журналистік дей аламыз ба? Ауыпбаев журналист ретінде осы маңызды ой-ұсыныстардың байыбына бармады дегенге сену қиын. Мүмкін ол Еуропадағы қазақтарға кемсіте қарағысы келіп, елемегенсіп, оларды айтқанын істетіп, айдағанына көндіргісі келетін біреулердің нұсқауымен осылай жаңсақ қадам басуға барған шығар. Мұны да түсінуге болады.

Сөз соңында «Егемен Қазақстан» газеті редакциясынан журналист Ауыпбаевтың Парижде өткен Еуропа қазақ құрылтайына байланысты жарияланған «Қазақ қайда жүрсе де қазақ» деген тақырыптағы мақаласына жасаған осы түзету және ескертулерімізді аталған газетте жариялауын құрылтайға орай еңбегі ескерілмей, есесі қайдағы бір көк аттының қанжығасына ілініп жіберілмек болған Еуропа қазақтары атынан, соның ішінде Франция қазақтары атынан, Еуропадағы қазақ қоғамдары атынан, «FEKA» атынан, журналистикалық этика атынан талап етеміз.

 

 

Құрметпен,

 

Ewropa Qazaq Qogamdari Federatsiyasi (FEKA)
Avstrya Qazaq Madeniyet Qogami
Berlin Qazaq Qogami (Almaniya)
Daniya Qazaq Madeniyet Qogami
Fransiya Qazaq Madeniyet Qogami (AKFT)
Hollandiya Qazaqtari Qori
Koln Qazaq Madeniyet Ortaligi (Almaniya)
Myunhen Qazaq Madeniyet Qogami (Almaniya)
Norvegiya Qazaq Madeniyet Qogami
Shvetziya Qazaq Madeniyet Qogami
Ulibritaniya Qazaq Qogami

„Egemen Qazaqstan“ Gazetine Ashiq Hat!

Nemese
Qonagin Siylagan Uy Qashannan Beri „Jaman“ Bolgan edi?

„Egemen Qazaqstan“ gazetinin 05.06.2013 kungi saninda jurnalist Janbolat Alihanuli Aupbayevtin „Qazaq qayda jurse de Qazaq“ degen taqirip astinda 17-19.05.2013 kunderi araliginda Fransiyanin astanasi Parijde otken Ewropa Qazaqtari Qurultayina arnalgan maqalasi jariyalandi. Aupbayev sol maqalasinda Parijde otken Ewropa Qazaqtari Qurultayinin negizgi uyimdastiruvshisi, basqaruvshisi etip, qurultayga qutti qonaq bolip qatisqan Duniyejuzi Qazaqtari Qawmdastiginin delegatsiyasin qana korsetedi. Al, osi quriltaydi uyimdastirip, onin oydagiday otuvi ushin aylar boyi kun tunimen enbek etip, bar kush jigerin jumsagan Ewropa Qazaq diasporasimen Ewropadagi Qazaq Qogamdarinin enbekterin tipti de eskermeydi, eskergisi kelmeydi. Onisimen de qoymay Ewropadagi Qazaq diasporasinin basin qosqan ortaligi „Ewropa Qazaq Qogamdari Federatsiyasinin“ (FEKA) atin ozgertip, ozinshe ogan janama at qoyip aydar tagadi. Sondiqtan Aupbaevtin bul maqalasi Ewropadagi Qazaq diasporasi okilderi jane Ewropadagi Qazaq qogamdari tarapinan renish jane naraziliqpen qarsi alindi. Parijde otken qurultay tuvrali Aupbayevtin maqalasinda ozgertilip, burmalanip jortaga teris bayandalgan jaylardi tomende tuzetip, duristap jurtshiliq nazarina qayta usinuvdi jon korip otirmiz:

1. Aupbayev atalgan maqalasinda: „… qonaquyge kelip ornalasqan son delegatsiya bastigi Talgat Mamashev Ewropa Qazaqtari madeniy ortaliginin basshilarin jiynap, kenes otkizdi. Angime taqiribi aldagi ush kun ishsinde atqarilar sharalar edi“ dey kelip, qurultaydi bastan ayaq uyimdastirip atqaruvdi da basqaruvdi da Duniyejuzi Qazaqtari Qawmdastiginin birinshi orinbasari Talgat Mamashevpen ol bastap kelgen delegatsiyanin enshisine beredi. Aupbayevke qarasak, Ewropadagi Qazaqtardin qurultay boyinsha bar tindirgani tek futbol turnierin qana uyimdastirip, basqaruv bolgan eken. Biraq, shindiq Aupbayevtin bul jazgandarinin muldem kerisinshe:

„Ewropa Qazaqtari madeniy ortaliginin basshilarimen“ otti dep Aupbayev aytqan kenes esh vaqitta bolgan emes. Bar bolgani: Duniyejuzi Qazaqtari Qawmdastigi delegatsiyasi 17.05.2013 kuni Parij qalasina kelip tusti. Sol kuni keshke Fransiya Qazaq Madeniyet Qogami qawmdastiq delegatsiyasina qonaqasi berdi. Ol qonaqasiga Ewropadagi Qazaq Qogamdari basshilarinin bir talayi qatisa da almadi. Qonaqasida qurultaydin barisi tuvrali tipti de angime bolmadi. Oytkeni Fransiya Qazaq Madeniyet Qogami Parijde otken Ewropa Qazaq Qurultayinin bagdarlamasin burinnan dayindap, jariyalap qoygan. Bagdarlamanin dayindaluvi, qurultay ayasinda otetin sharalar tuvrali Ewropa Qazaq Qogamdari Federatsiyasi (FEKA) Fransiya Qazaq Madeniyet Qogamimen birgestesip, intimaqtasip turgan. Sondiqtan qawmdastiq delegatsiyasi qonaqqa kelgende, Fransiya Qazaq Madeniyet Qogami qurultayga saqaday say, dayin bolip otirgan.

Rasinda da Parijde otken biyilgi Ewropa Qazaq Qurultayinin negizgi uyimdastiruvshisi, barliq tavqimetti kotergen, kuni tuni jugirip enbektenip, bar kush-jigerin jumsagan Fransiya Qazaq Madeniyet Qogami, sol qogamnin musheleri jane Fransiyada turatin Qazaqtar. Al, Ewropa Qazaq Qogamdari Federatsiyasi (FEKA) men onin quramindagi basqa qogamdar da qurultaydin oydagiday otuvi ushin Fransiya Qazaq Madeniyet Qogamimen birgestesip, ogan ruhaniy qoldav korsetip otirgan. 2 minday adam qatisqan Parijdegi Qurultayga Fransiya Qazaq Qogami 1 jil boyi dayindalgan. Parij siyaqti iri qalada qonaqtar toqtaytin qonaquylerdi, futbol turnieri otetin jerlerdi, gala konserti zalin bir avdannan tavip ingayga keltiruvdin ozi qiyin sharuva. Qurultay ayasinda kelgen qonaqtarga qonaqasi beruv, futbol turnieri, konsert jane basqa sharalar otetin orindardi jaldav ari enbek ari qarji talap etetin ister. Sondiqtan Fransiyadagi Qazaqtar qurultaydin oydagiday otuvi ushin kundiz tuni enbek etip qana qoymay, jetpegen jerinde oz ara qaltalarinan qarji da jiynadi. Oytkeni Ewropadagi Qazaq Qurultaylarinin shigindari kem degende 35-40 min Euro shamasinda boladi. Demek, qurultaylar kopshiliktin enbegi, Ewropadagi Qazaq Qogamdarinin enbegi. Olardi qonaqqa kelgen delegatsiya uyimdastiradi, basqaradi dev kopirme, beker soz.

Bir eskererlik jay; qurultaydi uyimdastiruv degennin basqa, qurultayga ules qosuv degennin basqa ugimdar ekendigi. Mine osi turgidan, Parijde otken Ewropa Qazaqtari Qurultayina Duniyejuzi Qazaqtari Qawmdastigi da ozindik ulesin qosti. Muni esh kim joqqa shigarmaydi. Qawmdastiq qurultay ayasinda Qazaqstannan artister akelip konsert bergizdi jane qurultayga qoldav korsetip, qurultaydan keyin Fransiya Qazaq Qogamina „Samruq Qazina Ulttiq Al-Avqat Qori“ atinan 7000 Euro berdi. Osi orayda, qawmdastiqtin 2012 jili Daniada otken Ewropa Qazaqtari Qurultayi kezinde tagi „Samruq-Qazina Ulttiq Al-Avqat Qori“ atinan Dania Qazaq Qogamina 7500 Euro bergenin de atap otken abzal. Malim boluvinsha, Qazaqistan Preziydenti Nursultan Nazarbayev 2011 jili Astana'da ötken "IV. Düniyejüzi Qazaqtari Qurultayi" kezinde, "Samruq Qazina Al-Avqat Qorina" shet elderdegi Qazaqtardin kishi quriltaylarina qoldav korsetüv mindetin tapsirgan bolatin. Mine qawmdastiqtin songi eki jilda Ewropadagi Qazaq Qurultaylarina „Samruq Qazina Ulttiq Al-Avqat Qori“ atinan atalgan kolemdegi aqshalay jardemdi beruvinin negizinde jatqan da elbasinin osi talabi. Quraltayga korsetken osi qoldavi ushin biz qawmdastiqqa jane Samruq Qazinaga jeke de jurtshiliq aldinda da algisimizdi bildirgen bolatinbiz. Ar narsenin shindigi kerek.

Jogarida atap otilgenindey, qurultaydin jugi ote avir. Ogan janjaqti dayindiq, isbirligi, intimaqtastiq, qarji jane enbek kerek. Koppen koteriletin juk. Ol 3 kunge qonaqqa kelgen delegatsiya basqarip, atqarip ketetin jay sharuva emes. Muni esten shigarmagan jon. Sondiqtan Aupbayevtin qanday maqsattarmen bolsa da, bizdi qurultayga oray siylagan qutti qonaqtarimizga biyletip, bar jaqsiliqti olardin upayina jazip ozimizdi „jaman uy“ etuvinin tipti de qiysini joq, ogan ari ruhsat etpeymiz de.

2. Aupbayev atalgan maqalasinda: Ewropa Qazaq Qogamdari Federatsiyasinin (FEKA) atin ozgertip, „Ewropadagi Qazaq madeniy ortaliqtari uylestiruv kenesi“ dep burmalap, jazadi. Bul arqili ol, alide kimderdin nusqavimen Ewropa Qazaq Qogamdari Federatsiyasin (FEKA) esepke algisi, tipti oni kozge de ilgisi kelmegendiktin sinay bayqatadi. Aupbayevtin, Ewropa Qazaq Qogamdari Federatsiyasinin (FEKA) atin tergep, ogan janinan shigarip janama at qoyuvinin ariyne teginnen tegin bolgan kezdeysoq is emestigi aniq. Bul, Ewropadagi Qazaqtardin basqosip, kushin, enbegin biriktirip, ozara intimaqtasip, eldigin, birligin saqtap, „bir jagadan bas, bir jennen qol shigaruvin“ qalamaytin, oni ozinin muddesine jaramsiz dep sanaytindardin nusqavimen istelgen is dep qabildaymiz. Sondiqtan ondaylar Ewropa Qazaq Qogamdari Federatsiyasi (FEKA) degen atqa da toze almay, sol atti oshiruv ushin osinday quytirqi isterge barip otir, dep esepteymiz. Al, Almaniyanin Myunhen qalasinda 01.07.2009 kuni jergilikti sot jaginan tirkelgen Ewropa Qazaq Qogamdari Federatsiyasinin negizgi ati „Federation of European Kazakh Associations“ dep Agilshin tilinde ataladi. Federatsiyanin qisqartilgan atavi „FEKA“. Bulardin ekevi de federatsiya jargisinda korsetiledi, ari olar sot jaginan da resmiy turde bekitilgen. 2009 jili qurilgan federatsiya barliq is-sharalarin Ewropa Qazaq Qogamdari Federatsiyasi (FEKA) degen atpen atqarip keledi. Qazaqstan baspasozi de, haliqaraliq buqaraliq aqparat quraldari da federatsiyani osi atavlarimen ataydi. Bul faktini taptap, Ewropa Qazaq Qogamdari Federatsiyasinin (FEKA) atin oreskel turde burmalap, ozgertip ogan qaydagi bir tenevler tavip jazgan Aupbayev siyaqti jurnalistke jol bolsin desek te, onin bul qiliginin jumbaq emestigin jogarida keltirdik.

3. Aupbayev Parijdegi Ewropa Qazaq Qurultayi ayasinda otken dongelek ustel sharasi tuvrali da shindiqti jazbagan. Dongelek usteldi de Qawmdastiq delegatsiyasi uyimdastirip, basqardi degen burmalalangan, ozgertilgen qospa malimetter bergen. Is juzinde sol dongelek usteldi uyimdastirgan da basqargan da Ewropa Qazaq Qazaq Qogamdari Federatsiyasi (FEKA) men Fransiya Qazaq Madeniyet Qogami. Qawmdastiqtin delegatsiyasi dongelek ustelge siyli qonaq retinde qatisip, ozderi dayindalip kelgen taqiriptar boyinsha soz soylegen. Aupbayev, dongelek ustelge oray tagi jalgiz Qawmdastiqtin delegatsiya mushelerinin gana aytqandarin keltirip, Ewropadagi Qazaq Qogamdari basshilarinin, okilderinin ortaga salgan oy-pikirleri, talap-tilekteri tuvrali jumgan avzin ashpay, olardi burkemelep baqqan. Ol, qayta qayta Ewropa Qazaq Qogamdari basshilari futbol turnieri jane onin qoritindilari tuvrali anani aytti, minani aytti dep bolmagandi bolganday etip korsetip, qaydagi bir negizsiz usaq narselerdi koldenen tarta bergen.

Ariyne, Futbol turnieri Ewropa Qazaq Qogamdarinin qurultay ayasinda jastar ushin uyimdastirgan basti sharalarinin biri. Biraq olardin, Ewropadagi Qazaq diasporisinin tagdirina baylanisti da aytar sozi, boliser oy-pikirleri bar edi. Al, angimege arqav etilgen dongelek ustelde, FEKA jane Ewropadagi Qazaq qogam basshilarinin Qazaq diasporasi qatarindagi birlik-berekenin, intimaqtin, ulttiq madeniyet jane qundiliqtardin, salt-dasturdin, anatildin saqtalip, damitiluvina oray aytqan oy-usinistarin Aupbayev tipti de elep eskermegen. FEKA jane Ewropadagi Qazaq Qogamdari okilderinin alem boyinsha Qazaq diasporasi jastarinin basin qosip, intimagin nigaytuv ushin Ewropanin bir qalasinda Duniyejuzilik Qazaq Diaspoarasi I. Jastar Konferentsiyasin birge uyimdastirayiq degen siyaqti kesek usinistarin ol butindey atavsiz qaldirgan. Muni beytarp jurnalistik dey alamiz ba? Aupbayev jurnalist retinde osi manizdi oy-usinistardin bayibina barmadi degenge senuv qiyin. Mumkin ol, Ewropadagi Qazaqtarga kemsite qaragisi kelip, elemegensip, olardi aytqanin istetip, aydaganina kondirgisi keletin birevlerdin nusqavimen osilay jansaq qadam basuvga bargan shigar. Muni da tusinuvge boladi.

Soz soninda, „Egemen Qazaqstan“ gazeti redaksiyasinan jurnalist Aupbayevtin Parijde otken Ewropa Qazaq Qurultayina baylanisti jariyalangan „Qazaq qayda jurse de Qazaq“ degen taqiripti maqalasina jasagan osi tuzetuv jane eskertuvimizdi atalgan gazette jariyalavin qurultayga oray enbegi eskerilmey, esesi qaydagi bir kok attinin qanjigasina ilinip jiberilmek bolgan Ewropa Qazaqtari atinan, sonin ishinde Fransiya Qazaqtari atinan, Ewropadagi Qazaq Qogamdari atinan, Ewropa Qazaq Qogamdari Federatsiyasi (FEKA) atinan, jurnalistiykaliq etiyka atinan talap etemiz.

Qurmetpen,

Ewropa Qazaq Qogamdari Federatsiyasi (FEKA)
Avstrya Qazaq Madeniyet Qogami
Berlin Qazaq Qogami (Almaniya)
Daniya Qazaq Madeniyet Qogami
Fransiya Qazaq Madeniyet Qogami (AKFT)
Hollandiya Qazaqtari Qori
Koln Qazaq Madeniyet Ortaligi (Almaniya)
Myunhen Qazaq Madeniyet Qogami (Almaniya)
Norvegiya Qazaq Madeniyet Qogami
Shvetziya Qazaq Madeniyet Qogami
Ulibritaniya Qazaq Qogami

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036