Сәрсенбі, 29 Қараша 2023
1094 7 пікір 28 Қыркүйек, 2023 сағат 15:07

Абай облысы Көші-қон қызметі басқармасының басшысы ұсталды

Абай облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Көші-қон қызметі басқармасының басшысы мен Абай облысы Полиция департаментінің қызметкерлерін парамен әшкереледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Антикор мәліметінше, лауазымды тұлға өзінің қызметкері арқылы аудандық полиция бөлімшесінің қызметкерін қалалық көші қон қызметі бөліміне ауыстыруға жәрдемдескені үшін 1000 АҚШ доллары көлемінде пара алған.

“Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды”, – делінген хабарламада.

Абай облысының Көші-қон қызметін Гүлвира Дөненбаева басқарады. Бұдан бұрын 5 жыл бойы Астана қаласы ІІБ Көші-қон полициясы басқармасының бастығы қызметін атқарған.

Фото: ашық дереккөзден

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Абай мұрасы

Абай іліміндегі демократия негіздері

Досым Омаров 993
Ғибырат

Тараздың Құрметті азаматы

Нұрлан Мәлікұлы 1352
Жазылған жайдың жалғасы...

Көңілбайдың «Amanat-ы» ақ екен...

Ауыт Мұқибек 2248