Қазақстан үкіметі 2015 жылы ІЖӨ-ні 2008 жылмен салыстырғанда 50 % арттырмақшы
Астана. 7 қыркүйек. ҚазТАГ – Әсел Мұқанова. Қазақстан үкіметі 2015 жылы ІЖӨ-ні 2008 жылмен салыстырғанда 50 % арттырмақшы. Бұл үкіметтің 2010-2014 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық қарқынды даму бағдарламасына енгізілген.
«Индустриалды-инновациялық қарқынды даму бағдарламасының негізгі мақсаты Қазақстан экономикасының әртараптылығын қамтамасыз ету мен алдағы кезеңде ІЖӨ-ні 2015 жылға дейін 7 трлн теңгеге немесе 2008 жылғы ІЖӨ-мен салыстырғанда шамамен 50% артыру екенін атап өту керек», деді, ҚР индустрия және сауда министрі Әсет Исекешев дүйсенбі күні үкімет отырысында.
Ол аталған бағдарлама міндеті бизнес пен үкімет күш-жігерін шоғырландыру және ел ресурстарын экономиканың басым секторларын дамытуға бағыттау; қолайлы инвестициялық ахуал мен макроортаны қалыптастыру; ұлттық экономиканың қуаты мен өнімділігін арттыру екенін жеткізді.