Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2941 0 пікір 14 Тамыз, 2013 сағат 07:08

Әбдірашит Бәкірұлы. Ұлт өзгеріп барады...

Бұрынғы құндылықтар "донкихоттыққа" айналған заманда Ұлт өзінің бағыт-бағдарынан ажырап, қандай қасиет қадірлі, қайсысы ұлтты алға жетелейтінін білмей, тек билік пен байлыққа жанталаса ұмтылған, одан әжептеуір пайда көріп "адам" қатарына қосылғандарға қызыға да қызғана қараумен күнін өткізеді. Қоғамда "байлыққа жету", ақша, "жеңіл өмір" және т.с.с. "қасиетсымақтар" үлгі болып, халық аза бастайды. Бірақ еңбексіз келген байлықта береке жоқ, әрі, ол байлық бәріне бірдей бұйыруы мүмкін емес. Сондықтан, халық өз қиялы мен қайғысымен, зарымен жекпе жек қалды. Ал билігі халқына "өз күніңді көр" деп, орта жолда шорт кетті... ....

Соғыс кезінде көрші ауылдың шетіне бір орыс әйелі "болмағанда біреуі тірі қалсын" деп, ұлын жетектеп, құндақтаулы қызын қалдырып кеткен екен. Неше заманнан кейін Мәскеуде КГБ-да істейтін Ұлы шеше аманатымен қарындасын іздеп табады. Алайда шеше байқұстың өмірі тек құсалықпен өтіпті... Сонымен ағасы қарындасын тапты, асырап алған әкесі қызды тауып алғанын мойындады... Бірақ соңы не болды? Жаны қазақ "қарындас" ағасын қабылдамай қойды. Оның "Мәскеуден үй әперем, балаларыңды оқытам" деген сөзін құлағына да қыстырмады. Орыстың "қазақ болған қызы" осындай мінез танытты! Өйткені, ол қыз нағыз ұлттық сана аясында, қазақы дәстүрмен, қазақтың ұлттық санасы бөлінбеген ортада тәрбиеленген болатын... Оны, тіптен, алтынмен апталған Мәскеу де қызықтырмады!

Міне, дәл сол секілді "тастанды" көңіл күй қазір бізде де бар. Бірақ біз үшін құсаланатын "әке" де, "шеше" де жоқ, сонымен бірге, "барын да, арын да сатпайтын" қыз да жоқ бізде! Бүгінде байлықтың буы адами қасиетті тұншықтырған, көз тұманданған, ақыл ауысқан... ...Әрине,егер адамға байлық іскерлікпен, ақылмен, еңбекпен келсе - онда бізден өткен нұрлы қоғам болмас еді! Өкінішке орай, ондай талпыныс алқымнан қысылып тұр: тексеріс пен кредиттің ең қатал, аяусыз түрі бізде ғана бар. Бұл үрдістің тоқтайтын түрі жоқ. Қайта, керісінше, өршіп барады: мысалы, өзімізде өндірілетін тауар тым аз болғандықтан, оның басым бөлігін шеттен аламыз. Енді сол тауарлар Қазақстанда өзіндік құнынан 50-100-300 пайыз жоғары бағамен сатылады. Мұнда да ұлт мүддесіне деген немқұрайлылықты айқын байқаймыз. Ендеше, қазіргі ұлт жағдайы – Мұхтар Әуезовтың «Қорғансыздың күні» әңгімесінің бас кейіпкері болудан тым алыс емес дер едік. Мәселен, 2017 жылдан соң біздің «Ғазизалар» 63 жаста ғана зейнетке шыға алады... Бұл мемлекетте «аборигендік» ұлтты қорғайтын күш бар ма?!. Қайда ол?

Шарасыз халықтың басым бөлігі бүгінде жеке банкілерге басыбайлы. ...Қазақта "Үш күн ашыққаннан ақыл сұрама" деген сөз бар,  сол айтқандай «Ұлттық ойлау» бұрынғы аштық заманда бір өлсе, қазір де тұралап тұр: бала-шағаны асырау үшін, оқудың ақшасын төлеу үшін жанталасып, кредит алқымнан алып, банкілермен жағаласып, күштінің мысы басып әлсіреген, одан әрі айтсақ − ауыра қалса депутаттардың ұсынысымен жекеменшікке өткелі тұрған аурухана мен емханаға, удай қымбат дәріханаға бас сұқпай, ұрпағын ауыздан жырмай өле салуға даяр жанкешті ұлттың санасы лаулап жана ма, көзінде ұшқын бола ма? Болуы мүмкін, бірақ бықсыған күйде! Сондықтан телевизор қарап, ондағы айтылғанға елтіген күйде отыра беру − ұлттың негізгі "мінезіне" айналуда. Селт етуге шама қалмауда, шама түгесіліп барады,,,. ұлт өзгеріп барады!

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5340