Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2359 0 пікір 7 Қыркүйек, 2009 сағат 07:26

Алматыда есірткі тобының мүшелері бір килограмм героинмен ұсталды

Алматы. 7 қырқүйек. ҚазТАГ – Қалалық полицияның есірткі бизнесімен күрес басқармасы (ЕБКБ) және Медеу АІІБ жақында есірткіні тасымалдаумен және сатумен айналысқан қылмыстық топтың екі мүшесін ұстады. Бұл ақпаратты Алматы ІІД қуаттап отыр.

Құқық қорғау органдарындағы ақпаратқа қанық дереккөздердің айтуынша, Алматыда аса ірі көлемде есірткі таратумен айналысқан қылмыстық топтың қызметін тоқтату бойынша операция жұма күні Медеу ауданының аумағында сағат 23-ке қарай Әл-Фараби даңғылында Fiat жеке меншік көлігін басқарған Грузияның 53 жастағы азаматын және оның жолаушысы – 56 жастағы алматылықты тұтқындаумен аяқталды.

Дерекөздердің атап көрсетуінше, тінту барысында олардың қалталарынан полиэтиленге оралған 4,6 және 3,1 грамм героин тәркіленді. Кейін алматылық тұрғынның жеке меншік үйін тінту кезінде жедел қызметкерлер құпия орыннан бір килограмға жуық осы есірткі затын тауып алды.

Өздерін жұмыссыз деп таныстырған екі күдікті қамауға алынды, деп түсіндірді құқық қорғау органдарының өкілдері. Олардың мәлімдеуінше, қазіргі уақытта ЕБКБ есірткінің заңсыз айналымына, оларды жасырын жеткізуге, құпия сақтауға және өткізу арналарына қатысы бар қылмыстық топтың басқа да мүшелерін анықтап, залалсыздандыру және героинды көп көлемде сату көздерін анықтаумен айналысып жатыр.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377