Тұрақты жұмысы бар кедейлер көбейіп барады
8 миллион 400 мың адам банктерге берешек. 2023 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында ел 1,242 триллион теңге кредит алыпты.
Ал осы мерзімде жалақы қоры 7,862 триллион болған.
Бұның ішінде айына миллиондап жалақы алатындарды есептемегенде, әр саладағы жалдамалы жұмыскерлердің 30-35 пайызы кедейлікте өмір сүреді екен. Сауалнамаға барлық облыстан қатысқан. Оның 70 пайызы отбасылы адамдар. Айлығы шайлығына жетпей, кредит алатын топ та осылар ғой.
Ресми түрде «Работающая бедность» - жұмысшы-кедейлер деген ұғым жоқ. Ал іс жүзінде кредит алып той жасап, бүкіл тұрмыстық заттарды несиеге алатын осы топ сияқты.
«Мәлімет «Қазақстандағы әлеуметтік теңсіздік және жұмыскер-кедейлер» деген монографиядан алынды. (ОФ «Стратегия»)
Abai.kz