Жексенбі, 20 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 1226 0 пікір 26 Тамыз, 2026 сағат 19:47

«Мерейлі отбасы» қалалық жеңімпазы анықталды

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінен.

Алматыда отбасылық құндылықтарды дәріптеп, өнегелі шаңырақтарды көпшілікке үлгі етуге бағытталған «Мерейлі отбасы» байқауының қалалық кезеңі аяқталды.  Биыл Алматы қаласы аталған ұлттық конкурсқа 12-рет қатысып отыр.

Жеңімпаздарды марапаттау салтанатына қаланың сегіз ауданында өткен іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары қатысып, естелік және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Алматы қаласының жеңімпазы Билял отбасы болды. Енді олар Астана қаласында өтетін республикалық байқаудың жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне қатысады.

Биылғы байқауда әділ қазылар құрамында болған Алматы қалалық қоғамдық кеңесінің мүшесі Марат Қалимолдин іріктеу аса жоғары деңгейде өткенін айтты:

–  Жалпы 262 өтінім түсті. Аудандарда бірінші кезең өтіп, қалалық кезеңге әр ауданнан екі отбасы қатысты. «Мерейлі отбасы» – еліміздегі аса маңызды, қоғам үшін көкейкесті мәселелердің бірін көтеретін ерекше байқау. Отбасылық құндылықтарды сақтау мен дәріптеуде мұндай шаралардың орны бөлек. Тәлімі мен тәрбиесі мол, өнегелі отбасылардың жеңіске жетіп, халыққа үлгі болуы – байқаудың басты маңызы, – деді ол.

«Мерейлі отбасы» байқауының мұндай игі бастамалары берекелі шаңырақтардың өнегесін насихаттап қана қоймай, жас ұрпаққа отбасының қадірін ұғындыруға және қоғамдағы отбасылық құндылықтарды одан әрі нығайтуға ықпал етеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1340
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2913
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 991
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 925